«Жүргізушіден» «компания иесіне» дейін...

«Жүргізушіден» «компания иесіне» дейін...

«Жүргізушіден» «компания иесіне» дейін...
ашық дереккөзі
Өз басынан өткен табысқа жету жолын Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен Қазақстан жастарының конгресі ұйымдастырған Өңіраралық бизнес-тағылымдамалар аясындағы кездесуде Аслан Кунияров – “Astana Medical” ЖШС басқарушысы Астана қаласының "Сарыарқа" кәсіпкерлер Ассоциациясының басқармасының мүшесі – баяндады. Өз кәсіпкерлік жолын енді бастауға кіріскен жас кәсіпкерлердің қай-қайсына қыр-сырын сол жолмен жүріп өткен тәжірибелі кәсіпкердің өз аузынан есту кімге болса да қызық. Жүргізушіден компания иесіне дейін көтерілген Аслан Кунияровтың ойынша өз-өзіне деген сенім және білім өте маңызды. img_2614 Аслан Кунияров кәсіпкерлікті ұйымдастыру мәселелеріне қатысты маңызды кеңестер беріп, өзінің тәжірибесімен бөлісті, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Өңіраралық бизнес-тағылымдамалар жас кәсіпкерлерге қолдау көрсететін бірден-бір пайдалы жоба. Қатысушылардың өздерінің айтуынша олар өз кәсіптерін дамытуда көмегі зор болатын пайдалы тәжірибе алды, табысты кәсіпкерлер мен тренерлер көрсеткен үлгісі мен берген сабақтары бойынша өздерінің алға қойыған мақсаттарына жету үшін не қажеттігін түсінгенді және мұндай бағдарламаның болғанына алғыстарын білдірді.