"Наконец-то" Бекшин алматылықтарға үндеу жасады

"Наконец-то" Бекшин алматылықтарға үндеу жасады

"Наконец-то" Бекшин алматылықтарға үндеу жасады
ашық дереккөзі
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин наурыздағы мерекелер алдында қала тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды өңірлік СЭБД баспасөз қызметі. Бекшин үндеуінде алматылықтардан қаладағы коронавирус жағдайын өршітпеу үшін карантин шараларын сақтауды сұрады. "Наконец-то Қазақстанға коронавирус келеді" деген фразамен ел есінде қалған Бекшин Алматыда коронавирус жағдайы әлі де жақсармағанын баса айтты. 2021 жылдың басынан бері мегаполисте 6252 адам коронавирус жұқтырған, ал 25 ақпанда 110 адамнан COVID-19 табылған. "Алматыда R коэффициенті (вирус жұқтыру репрезентаты) - 1, ал соңғы 7 күнде вирус жұқтыру көрсеткіші - 100 мың тұрғынға шаққанда 38 жағдай, бұл эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының "жасыл" аймағына сәйкес, "сары" аймаққа жақын", - деді Бекшин.
Алматы бас санитар дәрігері алматылықтар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды елемей, адамдар көп шоғырланған жерлерге барса, бұл көрсеткіш өзгеруі мүмкін екенін айтты.
"Мысалы, соңғы күндері "Шымбұлақ" пен "Медеудегі" тұрғындар тобын көптеп кездестіруге болады. Алматылықтар мұның саябақтарға, алаңдарға, сауда және ойын-сауық орталықтарына баруға да қатысты екенін ескеруі керек, әсіресе демалыс және мереке күндері. Себебі мұндай жерлерде инфекцияның симптомсыз формалары бар науқастар болуы мүмкін. Алматыда коронавирус жұқтыру дерегінің 43 пайыздан астамы қоғамдық орындарда болған. Көктемгі мерекелерді атап өту вирустың жаппай таралуымен аяқталмауы керек", - деді ол.