Қарағандылық судьяның ісін Жоғарғы сот қарайды

Қарағандылық судьяның ісін Жоғарғы сот қарайды

Қарағандылық судьяның ісін Жоғарғы сот қарайды
ашық дереккөзі
Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабековтің ісі Жоғарғы сотта қаралады. Судьяның әріптестері оның әрекеті судья әдебі кодексіне қайшы келетінін айтады. Алайда оған қатысты шешім шығара алмаған. Енді бұл іспен жоғарғы органдар айналысады. «Астана TV» телеарнасының хабарында мейрамханада той тойлап жүрген судьяның ісін сот этикасы жөніндегі комиссия қарағаны айтылған. «Сот этикасы жөніндегі комиссия судья Е.Исабековтің «Рубин» мейрамханасындағы әрекетін қарастырып, ол сот этикасы кодексіне қайшы келетін әрекет жасады деп шешті. Комиссия Қарағанды облыстық сотының жалпы отырысына материалдарды Жоғарғы соттың сот жюриіне жіберу туралы мәселені қарау үшін жүгінді», – деді Қарағанды облыстық сотының БАҚ-пен жұмысын үйлестіруші судья Еркеш Маукен. Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабеков түсірілген видео тарады. Видео кадрларынан мейрамханаға мобильді топ келіп, судьяны ұстағанын көруге болады. Видеода ол жағдайды тыныштандырып, тексерушілерден шу шығармауды сұрайды. Сондай-ақ, ол ойын-сауық мекемесінің көрші залында прокурорлар да отырғанын айтады. Қарағанды мейрамханасында болған той видеосынан кейін судьяның бауыры жазаланды. Ол ұйымдастырушы болған. Той «Рубин» мейрамханасында судья Естай Исабековтің анасының құрметіне өткені хабарланды.