Қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажет – Президент

Қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажет – Президент

Қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажет – Президент
ашық дереккөзі
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажеттігі туралы айтты. «Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салынған көптеген елдердің тобына кіреді. Тиісті норма Конституциямызда да бар. Дегенмен, соңғы уақытта тіпті мемлекеттік қызметшілерде қос азаматтықтың бар екендігі туралы фактілерді жиі тіркеп жүрміз. Бұған жол беруге болмайды. Өйткені, ол ұлттық қауіпсіздігімізге қатысты мәселе. Мұндай фактілердің жолын кесу қажет», – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы былтырғы Қазақстан халқына Жолдауында қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерді, квазимемлекеттік ұйымдардың басшыларын лауазымды қызметінен босату туралы тапсырма бергенін еске салып өтті. «Үкімет пен Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте атқарылған жұмыстың нәтижелері туралы баяндауды өтінемін. Мұндай заң бұзушылықтар үшін жауапкершілікті мұнан да қатаңдату талап етілетін сияқты», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.