25 ақпаннан бастап Қазақстанда біржолғы зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды. Өтінімді enpf-otbasy.kz сайтында беруге болады. Біржолғы зейнетақы жинағын келесі медициналық қызметтерге пайдалануға болады: - дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, орфандық сырқаттарды емдеу. Сондай-ақ емдеу тактикасын анықтау үшін диагностикалық зерттеу; - Қазақстан Репсубликасының аумағында орналасқан медицина мекемелері көрсететін стоматологиялық қызметтер (тісті протездеу, имплантация); - операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды, сондай-ақ мастэктомиядан кейін түзету мақсатында реконструктивті және қалпына келтіру операциялары (пластикалық); - радионуклидтік және радиойодтерапия; - радиохирургиялық емдеу; - протон терапиясы; - офтальмологиялық қызметтер.
Жүктелуде...