АҚШ пен Канада Қытайға қарсы тұру үшін күш біріктірді. Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдомен өткізген бейнеконференциядан кейін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Байденнің айтуынша, ол Трюдомен әлемдік сын-тегеуріндерге қарсы жалпы тәсілдерді талқылады.
«Қытаймен бәсекені күшейту және құндылықтарымызды жақсырақ қорғауға қатысты амал-шараларымызды үйлестіруге ниеттіміз», — деді Байден.
Сондай-ақ, мемлекеттер Солтүстік Американың Біріккен аэроғарыштық қорғаныс қолбасшылығын модернизациялау және «континентальды қауіпсіздік, экономикалық және әлеуметтік даму және басқару мәселелерін» қамтитын Арктика бойынша кеңейтілген американдық-канадалық диалогты бастау туралы келісті.
«Канада мен АҚШ — сенімді серіктестер және НАТО бойынша одақтастар ғана емес. Премьер-министр екеуміз еуропалық одақтастарымызбен трансатлантикалық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі жұмысымызды талқыладық», – деп қорытындылады Байден.