ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді

ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді

ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді
ашық дереккөзі
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, соңғы күндері өңірде күн жылып, жиі қар жауып тұр. Жел жылдамдығы да артқан. Таулы аймақтарда көшкін жүру ықтималдығы жоғарылады. «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары таулардағы қар жамылғысын үнемі бақылап отыр. Қауіп төнген жағдайда бірден сол жерлерде профилактикалық жарылыс жүргізіледі. Бүгін «Өскемен-Самар» тасжолының 95-102 шақырымындағы тау бөктерінде жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді. 4 жарылыс жасалып, 3 600 текше метр қар тау етегіне түсірілген. Айта кетейік, өңірде 28 ақпанға дейін көшкін жүру қаупі сақталады.