COVID-19: Байден кедей елдерді екпемен қамтуға 4 млрд теңге бөледі

АҚШ президенті Джо Байден кедей елдерді вакциналау бағдарламасына төрт миллиард доллар бөлмек. 

Құрама штаттар көшбасшысы бұл қадамын «Үлкен жетіліктің» (G7) онлайн саммитінде жариялауға ниетті, деп хабарлайды Ақ үй.

АҚШ COVAX халықаралық бағдарламасына екі миллиард долларды бірден аударады. Бағдарлама әлем елдеріне коронавирусқа қарсы вакцинаны әділетті бөлуді көздейді. Тағы екі миллиард доллар екі жыл көлемінде аударылмақ.

Айта кетейік, COVAX – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басқарып отырған вакцинация жөніндегі Gavi альянсі мен Эпидемияға дайындық орталығы CEPI ұйымының бірлестігі. Бірлестік әлемнің барлық елін вакцинамен қамтамасыз етуді көздейді.

Кедейшілікпен күресетін ONE Campaign ұйымының 19 ақпанда жарияланған есебінде ауқатты елдер коронавирусқа қарсы вакцинаны миллиард данаға артық алып отырғаны айтылған. Соның салдарынан кедей елдерге вакцина жетпей жатыр, деп есептейді ONE Campaign. Ұйым өкілдері бақуатты елдер артығымен алған екпені мұқтаж мемлекеттерге таратуға үндеп отыр.

Back to top button