Жапон ғалымдары қартаюды тоқтататын дәріні тапты

Жапон ғалымдары қартаюды тоқтатып, ағзаны жасартатын дәрі тапты. Оны қолдану бес-он жылдан кейін басталуы мүмкін. Бұл туралы Токио университетінің медицина ғылыми-зерттеу институтының профессоры Макото Наканиси РИА Новостиге берген сұхбатында айтты. 

Адамның жас ұлғайған сайын қартаюы дене мүшелерінде қабыну процестерін тудыратын жасушалардың жиналуына байланысты. Мұндай жасушалардың бірі – сенесцентті жасушалар. Уақыт өте келе олар бөліну қабілетін жоғалтады, органдарда жинақталып, қартаюға әкеледі. «Егер осы жасушаларды алып тастаса, олар тудырған қабыну процестерін тоқтатуға болады, нәтижесінде қартаю белгілерінің айтарлықтай азаюына қол жеткізуге болады», — деп түсіндірді ғалым.

Сенесцентті жасушаларға глутаминді глутамин қышқылына айналдыратын GLS1 ферменті қажет екені белгілі болды. Осы ферменттің ингибиторын қолдану арқылы қартаюды тудыратын жасушаларды жоюға болады.

Бұл гипотезаны тексеру үшін ғалымдар кәрі тышқанға тәжірибе жасап көрген. Нәтижесінде жануардың бүйрегі, бауыры мен өкпесі жақсы жұмыс істей бастаған.

Back to top button