Қазақстандық баскетболшылар Шри-Ланка құрамасын айқын басымдықпен жеңді

Баскетболдан Қазақстанның ерлер құрамасы 2021 жылғы Азия Кубогының іріктеуін матчында айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық баскетболшылар 111:52 (28:13, 25:16, 31:11, 27:12) есебімен Шри-Ланка құрамасының тас-талқанын шығарды. Осы жеңістің арқасында Қазақстан бес ұпаймен F тобының турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. Бұған дейін Қазақстан құрамасы Палестинаны жеңіп (79:76), Иорданияға жол берген (68:71) болатын. Бұл матчтар бір жыл бұрын өтті.

Қазіргі уақытта командалардың топтағы орны мынадай: Қазақстан – 5 ұпай (2 матч), Иордания -4 (2), Палестина — 3 (2), Шри-Ланка — 3 (3). Келесі ойынды Қазақстан құрамасы бүгін, 19 ақпанда, Палестина командасына қарсы өткізеді.

 

Back to top button