«Тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек»

Филология ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазыл­жа­нова латын таңбасына негізделген жаңа қазақ әліпбиі жайындағы бірер сайтқа сұхбат берген екен.

Рас, сұхбатта ол айтқан пікірлердің бір­сыпырасымен келісуге болады. Мә­се­лен «Ң» әрпін «Ň» деп алмай, «Ŋ» деп таң­­­балайық деген пайымы жөн-ақ. Алай­да бұл мәселенің бергі жағы ғана.

Қазір латын әліпбиіне көшеміз бе, көшпейміз бе деген әңгіме ескірген, қа­зіргі әңгіме «Ана тіліміздің таби­ға­тына сай әліпбиімізді қалай неғұрлым дұрыс жа­саймыз?» болу керек. Мен оның сұх­ба­тынан осыған байланысты пікір айта ма деп күтіп едім. Алайда Анар Фа­зыл­жа­­­нова филология ғылы­м­дарының док­торы, профессор Әлімхан Жүнісбек ұсын­ған дұрыс жобаны жөнсіз сынап, ол айтпағанды айтты қылып, қиянат жа­сады.

Оның айтуынша, Әлімхан Жүнісбек төл сөздердегі «У» әрпін «W» таңбасымен (СУ – СҰУ – SUW), кірме сөздердегі «У» әр­пін «U» таңбасымен (УРАН – URAN) ж­азу­ды ұсынады екен. Яғни, бір ды­быс­ты екі жағдайда екі түрлі таңбамен. Олай жазатын болсақ, бала төл сөз бен кір­ме сөзді бір-бірінен ажырата алуы ке­рек. «Бала төл сөз, кірме сөз дегенді біл­мейді ғой?», – дейді Анар. Бірақ Әлім­хан Жүнісбек өз жобасында «У» әрпі төл сөзде кездессе «W» таңбасымен, кірме сөзде кездессе «U» таңбасымен жазайық демеген ғой. Ол кез келген сөздегі (төл сөз бе, кірме сөз бе, бәрібір) «У» әрпін «W» таңбасымен (егер сөз басында не­месе дауыссыз дыбыстан соң келсе «Ұ»/«Ү» әрпімен қосарлап) жазайық де­ген. Былай: СУ – СҰУ – SUW, УРАН – ҰУРАН – UWRAN. Мұндай жағдайда «СУ»-ды төл сөз, «УРАН»-ды кірме сөз деп кім бөледі? Ал Фазылжанова болса, «біз­дің жобада (өзі қолдап отырған 4-ші нұс­қаны айтады – ред.) баланың төл сөз, кірме сөз туралы білуі қажет емес, ал Әлімхан Жүнісбек ұсынған жоба жағ­дайында оқушы бала мұны білуі ке­рек болады» деп, адам таңғалатын пікір ай­тады.

Одан әрі ол: «Әлімхан Жүнісбек «U» таң­басымен «У» дыбысын да, «Ұ» дыбы­сын да таңбалайды, сөйтіп екі түрлі ды­бысқа бір графикалық таңба беріп тұр. Сонда уран деген сөзді «УРАН» деп оқи­мыз ба, әлде «ҰРАН» деп оқимыз ба? Бұл баланы шатыстырмай ма?» деп со­ға­ды. Расында бұлай болса, бала тұрмақ, үл­кендер де шатасар еді. Бірақ Әлімхан Жүнісбек олай демеген. Ол «У» дыб­ы­сы­на «W», «Ұ» дыбысына «U» таңбасын ға­на берген.

Күлесің бе, жылайсың ба? Дұрысы – жылаған. Өйткені айтпағанды айтты қылып бұрмалап тұр. Мұндайды жала жабу дейді.

Әлімхан Жүнісбек «СУ» деген сөзді «СҰУ»/«SUW» деп жазайық дейді. Ол ға­на емес, қазақ тілінің табиғатын тү­сіне­тін басқа ғалымдардың да ойы сол. Ал Анар Фазылжанова ана тіліміздің әуезін түсінетін Әлімхан Жүнісбек сияқты сол ға­лымдардың «СҰУ», «МЫЙ» және т.б. деп жазайық дегенін кемшілік дейді. Жай кемшілік деп қоя салмайды, үлкен кем­шілік дейді. Ол «Әлімхан Жүнісбек екі әріппен жазатын сөзді таратып үш әріп­пен, үш әріппен жазатын сөзді та­ратып бес әріппен жазуды ұсынып отыр. Бұл қазіргі ақпарат заманында қан­шалықты қажет? Үнемдеу принци­піне сүйеніп оптимальды нұсқаны таң­дауымыз керек», – дейді. Мәселені терең түсінбейтін көпшілікке оның бұл пікірі қатты ұнап қалуы мүмкін. Әрине, үнем­деп жазған жақсы, бірақ дәл осы үнем­деудің пайдасынан зияны көп екенін ес­керу керек. Көпшілік осыны түсіне ал­майды.

«СУ» деп жазсақ та, «СҰУ» деп оқи­мыз дейді Анар. Оқуын оқырмыз-ау, ал жаз­ғанда буынға қалай бөлеміз? Мәселе сон­да ғой. «ҰУ/ҮУ» дыбысы бар екі буын­ды «СУЫҚ» деген сөзді буынға бө­ліп көрейікші. «СУ-ЫҚ» па, әлде «СҰУ-ЫҚ» па? «СУ-ЫҚ» деп бөлсек, онда «У»-ға амал­сыздан дауысты дыбыс мәртебесін беруге мәжбүр боламыз. Одан басқа да неше қилы еміле кереғарлығымен бет­пе-бет келеріміз анық. Ал «СҰУ-ЫҚ» деп бөлсек, «У»-дың дауыссыз екені соқырға таяқ ұстатқандай. Басы артық ереженің қажеті жоқ.

Анар бұл жерде «У» дыбысы бұрын­ғыш­а бір жағдайда дауысты болып, екін­ші бір жағдайда дауыссыз болып, құ­былып тұрғанын дұрыс демекші ме? Егер олай болса, барлық еңбек зая емес пе?

Анар Фазылжанова «ИТ» сөзін Әлім­хан ағайша «ІЙТ» деп жазбай, кирилдегі ба­залық норманы (өз сөзі) сақтап «ИТ» деп жазу керек дейді. Ал «ЫЙ/İЙ» ды­бысы бар екі буынды сөз жазып көре­лік­ші. Мәселен, «ҚИЫН» деген сөзді дәл осы тұрған тұрысымен буынға қалай бө­леміз? «ҚИ-ЫН» деп пе, әлде «ҚЫЙ-ЫН» деп пе? Буынға «ҚИ-ЫН» деп бөл­сек, онда кирилдегі «И»-ге амал­сыз­дан дауыс­ты дыбыс мәртебесін беруге мәж­бүр боламыз. Одан басқа да неше қилы емі­ле кереғарлығымен бетпе-бет ке­ле­рі­міз анық. Ал «ҚЫЙ-ЫН» деп бөлсек, «Й»-дің дауыссыз екені соқырға таяқ ұс­татқандай. (Қазақ тіліндегі /кирил­дегі/ дауысты «И» деп жүрген әріп ғайып­тан пайда болып, дауыссыз «Й»-дің «ЫЙ/İЙ» деген атын алып қойған. Сол себепті «Й» сорлап, атсыз қалған. Не­гізі, «И» бар нәрсе емес, бар болғаны «Й»-дің елесі ғана.)

Олай болса Анар осы «Й/Y» дыбы­сы­ның елесін сақтап қалғысы келгені ме? Бұрынғыша бір жағдайда дауысты бо­лып, екінші бір жағдайда дауыссыз бо­лып (бірі ҰЗЫН екіншісі ҚЫСҚА бо­лып) (қандай түсініксіз ереже десеңші), құбылып тұрғанын дұрыс дегені ме? Егер олай болса, барлық еңбек зая емес пе?

Жалпы редакциясын өзі басқарған «Жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын реформалау» атты моногра­фия­лық еңбекте «У/W» мен «Й/Y» ды­быс­тары дауыссыз дыбыс ретінде тан­ыл­ға­нын ескермегеніне таңғаласың.

– Мына таңба, – дейді ол бір кезде «İ» таңбасын көрсетіп, – ол кісілердің әліп­биінде «İ» деп те оқылады және «И» деп те оқылады.

Солай деп мысал келтірді. «Мына сөз­ді (İNİ) жазсақ – ІНІ, ал мына (İNSTİ) сөз­ді жазсақ – ИНСТИ(ТУТ).

Әлімхан Жүнісбек ұсынған «Ұлттық жо­баны» тағы бір қарадым. Мүмкін мен жаңы­лысқан болармын. Жоқ! Мұнда бәрі анық, «İ» дыбысы «İі» таңбасымен, «ЫЙ/İЙ» дыбысы «Yy» таңбасымен бе­ріл­ген. Анар айтқандай «İ» таңбасы кейде «Іі» дыбысын, кейде «И» дыбысын беріп тұрған жоқ. Ол мұның алдында: «Ағайдың жобасында былай жазылады» (İЙТ – İYT) деп, «Y» таңбасын «қысқа й» деп атады. Сөйтіп «Ол кісілердің әліп­биін­де «İ» «И» болып оқылады» деген өз сө­зіне өзі қарсы келіп қалды. Оның үс­тіне «И»-ді «қысқа й» деп атаудың өзі жаңа қазақ әліпбиі жағдайында өрескел қателік. Өйткені жаңа әліпбиде «ұзын и» деген болмайды. Жалғыз ғана дауыс­сыз «Й» бар.

Анар мұнымен тоқталмайды. Былай дейді:

– Мысалы тире деген сөзді жазайын. ТİRE. Мұны бала білмейді. «ТІРЕ» ме, жоқ «ТИРЕ» ме? Бұған еміле ережелерін жа­сау өте қиын. Өте қиын, – дейді түңі­ліп.

Екі дыбысты бір таңбамен таңбала­саң, оған еміле жазу, әрине өте қиын бол­мақ. «ТІРЕ, ТИРЕ» мәселесін Анар Фа­зылжанова қайдан алып айтып тұр­ғанын қайдам, ал Әлімхан Жүнісбек жо­басында ондай жағдайдың жоғы анық. Ендеше неге жоқты бар қылып, былықтырып тұр? Мақсаты не? Осының өзі от пен судың ортасында қалып тұр­ған жоқ па? Жұрттың бәрі түсінетін ба­сы ашық нәрсені қасақана бұрма­лай­тын­дай не көрінді?

Сөйтсем, Әлімхан Жүнісбектің қа­те­сі деген қателердің бәрі соңғы, өзі қол­­дап отырған 4-ші нұсқада жүр. Қы­зық. Қай нұсқа кімдікі екенін Анар Фа­­­­­­зыл­жа­нованың өзі шатастырып отыр ма?

Енді әліпбиімізге талақша жабысқан «Ф» «Х», «Һ», «В» кірмелеріне келейік. Анар қолдап отырған соңғы 4-нұсқада атал­ған төрт кірме әріп бар, Әлімхан Жү­нісбек нұсқасында олар жоқ. Екі жо­баның арасындағы басты айыр­ма­шы­лық осы ғана. Бұдан басқа соңғы нұс­қада «Й», «Ң», «Ш, «У», «Ы» әріптерінің кей­бірі басқа таңбамен таңбаланған, кей­бірі сәл ғана өзгертілген. Қалғаны Әлім­хан Жүнісбек нұсқасымен бірдей.

Анар осы кірмелерді сақтап қалу үшін жанын салып жүрген сыңайлы. Алай­да дәлелдері тәлтіректеп тұр. Оның «ХЫ»-ны қорғағанына күлмеске ыла­жың қалмайды. Мысалға ол «ХАН», «ҚАН»  деген екі сөзді алады. Егер екеуін де «ҚЫ»-мен жазып, «ҚАН» десек, ел би­леуші адам ба, әлде «КРОВЬ» па, ма­ғынасын адам айыра алмайды дейді. Ай­тылуы, дыбысталуы бірдей, мағы­насы әртүрлі омоним сөздер бізде жет­кілікті ғой. Оның мағынасын мәтінді оқып отырғанда түсінбейтін бе едік? Мы­салы «АРЫҚ» қазды. «АРЫҚ» адам. Сол сияқты: «Есім ҚАННЫҢ ескі жо­лы…». Түсінікті емес пе?

Оның «Ф» таңбасын қорғауы да осы­ған ұқсас. «ФАРАБИДІ қалай PARABİ/ПА­РАБИ деп жазамыз?» дейді. Бәлі, айта­ды-ақ. Ғалым айтатын сөз бе бұл? Оны ФА­РАБИ демейді, дені дұрыс қазақ «П»-мен ПАРАБЫЙ деп жуан айтады. «Ф» тұр­ған себепті сөздің құйрығы сиыр­құйым­шақтанып жіңішкеріп кеткен.

Кірме дыбыстардың тіл үндестігі заңын қалай бұзатынын, қалай қира­татынын тіл мамандары жақсы түсінеді. Де­генмен баршамызға белгілі мына ере­жені қарапайым оқырман үшін тағы бір еске ала кетейін.

«Тіл кейін шегініп, үсті дөңес­тену ар­қылы жасалатын дауысты ды­быстар­ды жуан дауыстылар дей­міз.

Тіл ілгері қарай созылу арқылы жа­­сал­­ған дауысты дыбыстарды жіңіш­ке дауыс­тылар дейміз».

Демек, үндестік заңына бағынатын, құрамында бірнеше біркелкі (не жуан, не жіңішке) дауысты дыбыс бар таза қа­зақ сөзін айтқанда ауыздағы қызыл тіл бір ғана қимыл жасайды. Не кейін ше­гінеді, не ілгері қарай созылады. То­лық бір сөзді тілімізге бір ғана қимыл жа­сату арқылы еркін, қиналмай айта ала­мыз. Ал ВАЗЕЛИН, ХАКІМ, ФОЙЕ, ФИ­ЗИКА сияқты біресе жуан, біресе жіңіш­ке дауыстылармен айтуға мәж­бүрлейтін, үндестік заңын қасақана бұ­зып тұрған сөздерді айтқанда тіліміз бір­есе кейін шегініп, біресе ілгері қарай со­зылып бірнеше қимыл жасайды. Сөй­тіп ауыз ішіндегі қызыл тіл байлаудағы ызалы иттей аласұрып кетеді.

Ал қазақтың тілі жалпақ тіл. Аз қи­мыл жасаса да қиналмай, тілді ауыз ішін­де аласұртпай, ойнақшытпай, жәй ғана бір мәрте не кейін шегіндіріп, не бір мәрте ілгері созып, толық бір сөзді әуез­ді етіп айта алады. Ал кірме ды­быс­тар қазақ тілінің осы өте қарапайым, қарапайым болса да өте ұтымды тілдік механизмін (қозғалысын) қиратушы терроршылар.

Ерін үндестігі туралы тіпті ұмытуға ай­налдық. Оны ұмыттырып тұрған да сол кірме дыбыстар. «Бүкіл қазақ да­ла­сы ән салып тұрғандай» деген әйгілі сөз­ді (біреу оны Затаевич айтқан дейді, екін­ші біреулер Потанин айтты дейді, мей­лі кім айтса, ол айтсын) білмей­тін­дер әнге қатыстырып жазып жүр. Бұл тіркестің әнге мүлдем байланысы жоқ. Қа­зақ тілінде ерін үндестігі заңы бұзыл­май тұрғанда бабаларымыздың өзара сөйлесіп отырғанының өзі ән әуезіндей құлаққа жағымды болып естілген. Міне, осындай әуезді тілімізден айырылдық қой. Одан айырған кірме дыбыстардың тепкіні.

Мұның салдары сол, кірме сөздерді қа­зақтың төл дыбыстарына икемдемей, кір­ме дыбыстармен айта берсек, онда бір заманда тіліміздің емле заңдылығы адам түсініп болмайтын қойыртпаққа ай­налады. Жиырмасыншы ғасырдың басында бір-бірімен аудармашысыз еркін сөйлесе беретін түркі халықтары қазір бірін-бірі неліктен түсіне алмай қалды? Міне, кірме дыбыстар тілі бір түркі халықтарын осылайша бір-бірі­нен алшақтатып бара жатыр. Біз, бауыр­лас елдер, біріміздің әдебиетімізді бірі­міз аударатын сұмдық жағдайға тап бол­дық.

Ахмет Байтұрсынұлының «…тілді бұ­зып емлеге ыңғайлау емес, емлені тіл­ге ыңғайлау керек» дейтіні – осы.

Әліпбидің осы төртінші нұсқасына еніп кеткен кірме әріптердің көзін құрт­пай Ақаңның асыл ойы өлсек те орын­далмайды.

Нұрлыбек САМАТҰЛЫ,

жазушы

редакциядан:

Қазір латын қар­піне көшу жөнінде қоғамда талқылау болып жатыр. Бұл ұлттық сипаттағы аса ауқымды жұмыс болғандықтан реформаға ғалымдар, тіл мамандары, жур­на­лис­тер, қоғам белсенділері өзін­дік көз­қара­сын білдіреді. Біз бұл мақа­ла­ны жа­риялағанымыз автордың пі­кірін қолдайтынымызды білдірмейді. Мә­селеге қарсы тараптың да айтар уә­жі бар болса мінбер ұсынамыз.

Редакция таңдауы

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі солай жалғасады. Осы орайда, қазақ халқының «Байлық − қолда еріген мұз, бала...

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...
unnamed

1 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

Бүгін – елімізде Алғыс айту күні. Бұл мереке  ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан...
mattt

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі...
zhzh

Бүгін – Жамбыл Жабаев дүниеге келген күн

Бұдан 175 жыл бұрын 99 жасына дейін жүрегінен жыр төгілген ақын,  дүлдүл...

Жаңалықтар

Алдағы бес жылда ауыл халқына 250 млрд теңгенің несиесі беріледі

2025 жылға дейін 50 мың микрокредит беру көзделген. Былтыр ауылға берілген шағын несиелер есебінен 11 мың жұмыс орны ашылған, деп хабарлайды Inbusiness.kz.  Үкімет отырысында агроөнеркәсіп...

Павлодарда пара алды деген күдікпен ҚТЖ филиалының басшысы ұсталды

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметтегі «қамқорлығы» үшін жүйелі түрде заңсыз сыйақы алды деген күдікпен «ҚТЖ ҰК» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының басшысын ұстады. Ол...

Жапонияда коронавирустың британдық штамы тарап жатыр

Жапонияның батысындағы Кобе қаласының билігі бұл аймақта вирус жұқтырғандардың арасында коронавирустың жаңа британдық штамын жұқтырғандар саны көбейгенін хабарлады. ҚазАқпараттың NHK телеарнасына сілтеме жасап жазуынша, ақпанның...

«Дарындылар пулы»: электронды үкіметтің кадр резервіне өтінім қабылдау басталды

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының «Дарындылар пулына» өтінім қабылдау басталды.  Корпорацияның кадр резервіне өтініш бергісі келетін үміткерлерге talent.gov4c.kz сайтында тіркеуден өту қажет. Өтінім беру кезінде жүйеде...

Сауд Арабиясы вакцина салдырған келушілерді ғана қажылыққа қабылдайды

Мұсылман қажылары жаңа коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін ғана Мекке мен Мединедегі қасиетті орындарға үлкен және кіші қажылыққа бара алады. Мұндай шешімді Сауд Арабиясы билігі...

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 214 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 658 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 65 Алматы қаласы - 102 Шымкент қаласы - 17 Ақмола облысы -...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

2 наурыз күні солтүстік-батыс циклонымен байланысқан атмосфералық ауа ағыны әсерінен еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады, кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі...

21 миллион VPN қолданушысының жеке дерегі сатылымға шықты

Android операциялық жүйесіне арналған тегін VPN қызметтерінің 21 миллион қолданушысының жеке деректері Желіде сатылымға шықты, - деп хабарлайды Сyber News сайтына сілтеме жасап. Танымал хакерлік форумның...

Францияның экс-президенті үш жылға бас бостандығынан айырылды

Францияның экс-президенті Николя Саркози үш жылға бас бостандығынан айырылды, оның ішінде бір жыл нақты қамауда болады. Сот оны сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп тапты.

Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады

Еуроодаққа мүше 27 елдің елшілері ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға байланысты Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің...

БҒМ 1 наурыздан бастап мектептерде сабақ қалай өтетінін түсіндірді

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова 1 наурыздан бастап мектептердегі рұқсат етілген аралас форматта оқыту барысын түсіндірді. Вице-министр Facebook-тегі парақшасында 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының...

Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне ескерткіш қойылады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында бұл ескерткіш медицина қызметкерлеріне деген алғыстың символына айналатынын атап өтті. «Бүгін Алматының медицина мен жазушылар қауымдастығының өкілдерімен дәрігерлерге арналған...

Пандемия: кәсіпкерлер үшін салықты есептеу жеңілдетілді

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салықты есептеу жеңілдетілді және кейбір төлемдер алынып тасталды. Пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін жаңа бөлшек салықтың арнаулы салық режимі...

Түркістан өңірінде 100-ге жуық белсенді «Nur Otan» партиясы қатарына қабылданды

Бүгін Түркістанда 1 наурыз – Партия күніне орай, бірқатар азаматты «Nur Otan» партиясына қабылдау іс-шарасы өтті. Жиында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен...

Алматыда ойын-сауық орталығында ата-аналар төбелесті

Әлеуметтік желіде Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде болған төбелестің видеосы тарады. Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Видео кадрларынан төбелестің балалар ойын алаңында болғанын байқауға болады....

Наурыз айында күн райы қандай болады?

Еліміздің көптеген аймақтарында күнтізбелік көктем белгіленген мерзімде келеді. Бұл туралы «Қазгидромет» орталығы мәлімдеді.  Консультативтік болжамға сәйкес 2021 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының басым бөлігінде циклондардың өтуімен және...

Таразда Алғыс айту күніне орай 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды

Алғыс айту күніне орай былтыр ғана облыс орталығында бой көтерген «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің маңында мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Онда қалалық зиялы қауым өкілдері,...

Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған отбасыға баспана берілді

Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған Текебаевтар отбасына жаңа баспана берілді. Oқиға биыл 18 ақпанында облыс орталығындағы Әл-Фараби мөлтек ауданында орын алды. Оқиға орнына шұғыл жеткен...

Алматыда КамАЗ көлігі жер астына түсіп кетті

Алматыда КамАЗ жүк көлігі жер астына түсіп кетті. Оқиғаның видеосын куәгерлер таратты, ал дәрігерлер көлік жүргізушісі жарақат алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әлеуметтік желілерде...

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ. Адамға алғыс айтқанымыз – Аллаға шүкір еткеніміз

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Аллаға мадақ, пайғамбарға салауаттар болсын! Елімізде шуақты көктемнің алғашқы күні алғыс айту мерекесімен басталады. Баршаңызды бірлік пен мейірімге...

Асқар Мамин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті

Премьер-Министр Асқар Мамин «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинді қабылдады, – деп хабарлады primeminister. Тараптар ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының...

«Nur Otan» партиясының жанынан 9 жаңа қоғамдық кеңес құрылады

Осылайша, олардың жалпы саны 14-ке жетті, – деп хабарлады партияның баспасөз қызметі. «Nur Otan» партиясының Лидері, Елбасы Н.Назарбаевтың партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»...

Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Жасыбаев Ержан Бәкірбайұлы Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ержан Бәкірбайұлы Жасыбаев 1965 жылы...

Белгілі әнші Индира Еділбаева «Nur Otan» партиясын таңдады

«Nur Otan»-ның құрылғанына 22 жыл толуына орай, партияның Алматы қалалық филиалы белсенді және жігерлі алматылықтармен толықты. Партияның жаңа өкілдері қатарында денсаулық сақтау, мәдениет және...

Әуе компанияларының табысы 41% азайды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әуе компанияларының жылдық табысы 41% төмендегенін, ал жолаушылар тасымалы қызметі 6 пайызға арзандағанын хабарлады. Биыл қаңтарда еліміздің әуе компанияларының кірісі...

Белгілі журналистің еміне қаржы жиналуда

Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді. Шараның негізгі мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға көпшіліктің атсалысуымен қолұшын созу, мейірімділікті, қайырымдылықты насихаттау, қайырымды жандарға алғыс...

Атырау дәрігерлері Алғыс айту күніне орай челлендж бастады

«Мерекелік шараға өңірдегі 35 медициналық ұйымның қызметкерлері қатысты»,-деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. «Туған елге мың алғыс!» челленджі өңірде бір апта бұрын...

Дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге жетеді – министр

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге жететінін айтты. Ведомство басшысы Президенттің биылдан бастап дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру міндетін қойғанын...

Әлем тұрғындарының қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар екені анықталды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан Жер бетіндегі тұрғындардың қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар екенін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.  Ұйым...

Әлемдік ақпарат кеңістігіндегі Қазақстан имиджі

Ақпарат кеңістігінде мемлекеттің имиджі мен медиаобразын жасау – дамушы елдердің алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі. Қазақстан тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде дүние жүзінің алпауыт...

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

Осы көктемде 13 500-ден астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші ел Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады. Қорғаныс ведомствосы...

ҚазҰУ ректоры француз ғалымдарына бірлескен археологиялық зерттеулер жасауды ұсынды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейт Түймебаев Қазақстандағы Франция Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Дидье Канеспен кездесіп, ғылым-білім  және мәдени бағыттар бойынша өзара ынтымақтастықты тереңдету...

Ресейдің ең бай депутаты қамауға алынды

Ресейдің Сахалин облыстық Думасының миллиардер депутаты Дмитрий Пашов қамауға алынды, деп хабарлайды РИА Новости.  Сот оған екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану...

«Борат 2» ең үздік комедия ретінде «Алтын глобус» лауреаты атанды

Лос-Анджелес пен Нью-Йоркте кино және теледидар саласындағы "Алтын глобус" сыйлығының 78-ші марапаттау рәсімі өтті. Коронавирус пандемиясына байланысты марапаттау тарихта алғаш рет виртуалды форматта өтті.  Ең...

Түркістандағы қайғылы оқиғаға қатысты алғашқы мәліметтер жарияланды

Түркістан қаласында орын алған қайғылы жағдайдың себебін анықтау үшін құзырлы органдардан құрылған топ болған жайтты жан-жақты тексеріп жатыр. Орын алған оқиғаның мән-жайын анықтаумен айналысатын...

15 жыл бойы қос азаматтығын жасырып келген павлодарлық жазаланды

Қос азаматтығын жасырып келген Павлодар облысы Железинка ауданының тұрғыны айыппұл арқалады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Аудандық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Железинка аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің...

Бұл – қазақ халқының шексіз дархандығының жарқын үлгісі.

Джамалайл ЭЛИМХАНОВ, «Емир-Ойл» ЖШС басқарма басшысы: Қазақстан Тәуелсіздік алған сәттен бастап Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев әрбір азаматтың өз Отанында қауіпсіз және жарқын өмір сүруі үшін және...

COVID-19: Елорда «сары» аймаққа енді

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2021 жылдың 1 наурызы күнгі қазақстан амақтарындағы эпидемиялық жағдайды бағалау матрициасын жариялады. Бұл туралы...

Бүгін «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толды

Бүгін «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толды. Партияның құрылуы мен қалыптасу тарихы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. 1998 жылғы 21 қазанда Қазақстан...

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ержан Ерікұлы Біржанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады. Ержан Біржанов 1979 жылы Солтүстік...

Алматы түрмесінен қашқан сотталушы Ақтөбеде ұсталды

Алматыдағы бас бостандығынан айыру орындарының бірінен қашып шыққан адам Ақтөбеде қолға түсті, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі. «Алматы...

«Nur Otan» қатары жаңа мүшелермен толықты

Партияның 22 жылдық мерейтойы қарсаңында «Nur Otan» облыстық филиалында салтанатты түрде партия билеттері табыс етілді. Партияның аймақтық филиалының төрағасы, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов партия...

«Тұмар-2021» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Бүгіннен бастап tvtumar.kz сайтында «Тұмар-2021» ұлттық сыйлығын алуға өтінімдер қабылдау басталды. Сыйлыққа 2020 жылы қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және...

Америкалық телеарна Трамптың саяси жоспарларын ашты

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп елде жаңа партия құру мүмкіндігін қарастырмайтынын жариялайды. Оның саяси жоспарларын американдық Fox News телеарнасы ашты. "Біз жаңа партиялар құрмаймыз және...

Президент: Біртұтас және еңбекқор ұлт болсақ, көздеген мақсаттарымызға жетеміз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады. «Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасы 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында жариялаған осы...

Ақтауда жәндіктерді уламақ болған әйел көршісі мен оның 10 айлық сәбиін өлтірді

Пәтердегі жәндіктерді уламақ болған Ақтау тұрғыны көршісі мен оның 10 айлық сәбиін өлтіріп қойды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасап Lada.kz хабарлады.  Зарарсыздандыру құралынан...

Елбасы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Elbasy.kz. Қымбатты отандастар! Алғыс айту күні Қазақстан халқының бірлігін паш етеді,...

2020 жылдың ең танымал құпиясөздері анықталды

2020 жылы қандай құпиясөздер жиі қолданылды? Бұл сауалға DLBI деректер ағынын барлау қызметін жасаған зерттеуге сілтеме жасай отырып "Известия" басылымы жауап берді.  Рейтинг көшбасшысы тағы...

Жел, көктайғақ: Еліміздің 9 өңірінде ескерту жарияланды

1 наурызда елорда мен 8 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет". 1 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында жел, көктайғақ болады. Оңтүстік - батыстан соққан...

1 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

Бүгін – елімізде Алғыс айту күні. Бұл мереке  ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен бекітілген. 1995 жылдың 1 наурызында елімізде...

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі солай жалғасады. Осы орайда, қазақ халқының «Байлық − қолда еріген мұз, бала...

Бүгін – Жамбыл Жабаев дүниеге келген күн

Бұдан 175 жыл бұрын 99 жасына дейін жүрегінен жыр төгілген ақын,  дүлдүл жырау, жүйрік жыршы, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жамбыл ЖАБАЕВ (1846-1945)  дүниеге келді. Ол...

NASA Марстың алғашқы панорамасын жариялады

АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) Ровер Perseverance түсірген Марстың алғашқы панорамалық суреттерін жариялады. NASA алдағы апталарда көптеген қызықты суреттері жариялайтынын мәлімдеді.  

Қожа Ахмет Ясауидің мөрі мен шежіресі табылды

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи ізімен» ғылыми-экспедициясы аясында Өзбекстан Республикасының Наманган қаласынан Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір...

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

«Наконец-то» Бекшин алматылықтарға үндеу жасады

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин наурыздағы мерекелер алдында қала тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды өңірлік СЭБД баспасөз қызметі. Бекшин үндеуінде алматылықтардан...

Армениядан жеткізілген көліктердің тіркеу мерзімі ұзартыла ма?

Қазақстанға Армениядан жеткізілген көліктерді тіркеу мерзімі 1 наурызға дейін ұзарды, - деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. ІІМ мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 1 ақпанына...

Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту туралы жоспарын айтты

Еліміздің жоғары оқу орындарындағы журналистика факультеттерінің оқу бағдарламалары зерделенеді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева inbusiness.kz сайтына берген сұхбатында айтты. Министрдің айтуынша, қоғамдық...

Қытай келісімдерді елемей, қазақ пойыздары қараусыз қалып жатыр

"Жүк жөнелтушілердің бастамасымен Қытайға тауарларды қабылдауға уақытша тыйым салу енгізілді", – деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы (ҰК)»АҚ баспасөз қызметі. «ҚХР-мен шекарадағы бекеттерде жағдай...

Ресейде тіркелген көліктер Қазақстанда жүре алмай ма?

  Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанның Бас прокуратурасы атынан жалған бұйрық таратылған деп хабарлайды  тengrinews.kz сайты. Аталған «құжатта» Ресейде тіркелген автокөлік иелеріне Қазақстан аумағында жалпы сенімхатсыз...

ЕСКІ ЖАРАНЫҢ АУЗЫН ТЫРНАУ ЕСТІНІҢ ІСІ МЕ…

Адам баласы туғанда бір-бірінен артық-кемі жоқ қызыл шақа болса да, өсе келе олардың бәрі өз бетінше өзгеріп, даралана бастайды. Өйткені уақыт ағымындағы түрлі әсерлер...

Елімізге Түрікменстаннан 153 қандасымыз көшіп келді

Бүгін Түрікменстан Республикасынан 153 қандасымыз тарихи Отанына көшіп келді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. 2020 жылы әлемде орын алған пандемияға байланысты елімізде көшіп–қонушылар ағыны кейінге қалдырылған болатын....

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип...

Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін атқарушы болып Мәди Манатбекұлы тағайындалды. Мәди Манатбекұлы 1978 жылы 25 мамырда дүниеге...

Бас прокуратура үндеу жариялады

Әлеуметтік желіде жекелеген тұлғалар елдің әртүрлі аймақтарында заңсыз митингіге   шақырып жатыр. Осыған байланысты ҚР Бас прокурорының орысбасары Б.Б. Дембаев үндеу жариялады. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының...

Вице-министрдің не үшін қамалғаны белгілі болды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің ұсталуына қатысты түсінік берді. «Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу...

Елбасы Түркия президентін құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Әңгіме барысында Елбасы Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, зор...

Полиция қызметкерлері жүкті әйелді автокөлікте босандырып алды

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері келіншекті автокөлікте босандырып алды. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 26 ақпанға қараған түні Самара-Шымкент автожолы...

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды

Бүгін жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын республика көлемінде ресми түрде мерекелеу басталды. ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев елордадағы Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Қ.Қуанышбаев атындағы...

COVID-19: Әлемде екпе салдырғандар саны індет жұқтырғандардан екі есе көп

Әлемде коронавирусқа қарсы екпе алған адамдардың саны пандемия басталғалы індет жұқтырғандардың жалпы санынан екі есе көп, деп хабарлайды ТАСС.  Қазіргі уақытта шамамен 227 миллион адам...

Әзірбайжан Таулы Қарабақта әуежай құрылысын бастады

Әзірбайжан билігі Таулы Қарабақта халықаралық әуежай құрылысы басталатынын мәлімдеді. Нысан Иранның шекарасына жақын жерде, Шуша қаласынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Физулиде бой көтереді. Ел президенті...

Алғыс айту күні: Елордада мерекеге орай қандай шаралар өтетіні белгілі болды

Елімізде 1 наурызда Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл мерекеде елордалық театрлар медицина қызметкерлерін, эпидемиологтарды, педагогтарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін спектакль көруге шақырады, деп...

Жол карталарын іске асыруға мониторинг жүргізу үшін цифрлық платформа әзірленеді – Б.Байбек

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында партияның алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, 1 наурызда «Nur Otan» партиясының құрылғанына...

Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті

Бүгін, 26 ақпанда сағат 11:55-те Шалқар ауданының Ұлпан теміржол станциясында 43 вагон құрамының 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті. Оның ішінде 13 цистерна аударылып, ұзындығы...

Винсент Ван Гогтың «Монмартрдағы көше көрінісі» картинасы сатылымға шығарылды

Винсент Ван Гогтың әйгілі картинасы – "Монмартрдағы көше көрінісі" саудаға шығарылды. Сурет бұрын-соңды көпшілік назарына ұсынылмаған, картина қайтадан сатылғанға дейін, Қытайда содан кейін Голландияда...

Қызылордада сауна әкімшісі жеңгетайлықпен айналысқан

Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан азаматша ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. "Қызылорда қаласында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген азаматша анықталды. Облыс орталығындағы сауналардың...

Білікті хирург қандасымыз: Орыс тілін білмегендіктен базар жағалап кеттім

https://youtu.be/zzD6QU3BF6M Сюжет авторы Нұржан ТҰРҒЫМБАЙ Тілші Ділда Уәлибек

1 наурызда әскерге шақыру басталады: Қорғаныс министрлігі негізгі өзгерістерді атады

13 мыңнан астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші көктемгі шақыру кезінде еліміздің Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады....

Қырымбек Көшербаев Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды

Елордада Ж.Тәшенов және Амман көшелерінің қиылысында Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. ҚазАқпараттың хабарлауынша, шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Мәдениет және спорт...

Қырғызстан президенті Путинге не сыйлағанын айтты

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресейге жұмыс сапары кезінде Владимир Путинге қылыш сыйлады. Бұл туралы ол "Россияская газетаға" берген сұхбатында айтты. "Бұл қылышты Қырғызстанның ең мықты...

Елімізде азық-түлік жеткізу нарығы 75 пайызға өскен

2020 жылы Қазақстанда азық-түлік жеткізу нарығы 75% - ға өсті. Бұл туралы Chocofood қызметінің директоры Николай Щербак хабарлады, деп хабарлайды LS. Карантинге байланысты Қазақстанда азық-түлік...

Әлемде коронавирус құрбандарының саны 2,5 миллионнан асып жығылды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 113,5 млн-ға жетті.  Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет жұқтырғандардың 89 миллионы емделіп шықса, 2 507 624-і қайтыс болды. COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша...

Семейде 1879 жылы салынған тарихи ғимарат өртенді

Ғимараттағы өрт тек таң ата ауыздықталған. https://youtu.be/AwAQx5E_MLA Өрт 26 ақпанда Абай даңғылында 00 сағат 46 минут шамасында басталған. Өртті сөндіруге барлығы 19 техника, 55 адам жұмылдырылды....

Алматы облысында Ан-2 ұшағы мәжбүрлі түрде қонды

"Азия Континенталь" әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесі Боралдай - Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсін орындау кезінде Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км...

Омбыда Халықаралық ана тілі күні атап өтілді

2021 жылғы 24 ақпанда халықаралық ана тілі күніне орай Қазақстанның Омбыдағы Консулдығының басшысы Ырысқали Дәуренбек «Омбы қазақтары» аумақтық қоғамдық ұйымының басшылығы, жергілікті қазақ тілі...

Елімізде сүт өндірісі бойынша қай өңір көш бастап тұр?

Шығыс Қазақстан облысы сүт өндірісі бойынша республикада көш басында тұр. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов халыққа есеп беру барысында айтты. «Соңғы бес жылда...

Ең сұлу волейболшылар рейтингі: Ресейлік спортшы Сабина Алтынбекованы басып озды

Грек басылымы Gazzetta планетаның ең сұлу волейболшы аруларының рейтингін жариялады. Рейтингте 25 жастағы ресейлік Алиса Маненок көш бастады, деп хабарлайды Politic. Бұған дейін аталған рейтингте...

Теміртау қаласының әкімі тұрғындардан кешірім сұрады

Теміртау қаласын жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-2 жұмысында ақау болып, тұрғындар аязда жылусыз қалды. Келтірілген қолайсыздық үшін Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімов өңір халқынан кешірім сұрады. Мамандар...

2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді

2021 жылы Қазақстанда Көші-қон саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы...

Әлемдік ТОП-50 қатарына енген Қазақстан дзюдошылары

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Тель-Авивте өткен әлемдік «Үлкен шлем» турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz. Жаңартылған рейтинг бойынша ТОП-50 қатарына енген қазақстандық дзюдошылар...

Президент Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Кездесу барысында Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның қазіргі...

Жамбыл Жабаев – 175: Киевте поэзия кеші өтті

Бұл жайында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Facebook парақшасында мәлім етті. Қазақтың көрнекті суырып салма ақыны Жамбыл Жабаевтың туған күні қарсаңында Киевтегі қазақ диаспорасы мен Қазақстанның Украинадағы...

«Nur Otan» Партиялық бақылау комитетін Артур Платонов басқарады

Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып Артур Платонов тағайындалды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді. «Артур...

Нұр-Сұлтанда банк тонамақ болған күдіктілер ұсталды

Түн ішінде елордадағы банктердің бірінің ғимаратына есігін сындырып кірген екі күдікті ұсталды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнгі сағат 02:30-да ішімдікке еліткен 2 жігіт шыны...

Қарағандылық судьяның ісін Жоғарғы сот қарайды

Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабековтің ісі Жоғарғы сотта қаралады. Судьяның әріптестері оның әрекеті судья әдебі кодексіне қайшы келетінін айтады. Алайда оған қатысты шешім...

Бүгін елорда мен Ақмола облысының оқушылары қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысында ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды. «26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9...

Өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды

Қазақстанда өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 135, Алматы қаласы - 110, Шымкент қаласы -...

COVID-19: АҚШ-та вакцинаның күшін әлсірететін вирустың жаңа түрі пайда болды

Калифорния технологиялық институты мен Колумбия университеті ғалымдарының пікірінше, коронавирус инфекциясының жаңа нұсқасында кездесетін мутация оған иммундық жүйенің әсерін сезінуге кедергі келтіреді, – деп жазды...

«Ұлы дала таңы» фильмінің түсірілім жұмысы басталды

Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылының маңында режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» толықметражды тарихи көркем фильмінің түсірілімі басталды, – деп хабарлады «Қазақфильм» киностудиясының...