ШҚО-да колонияға жарты келі есірткі мен 9 телефон кіргізбек болғандар ұсталды

Шығыс Қазақстан облысының колониясына жарты келіге жуық есірткі мен тоғыз телефон кіргізуге тырысты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бір тәулік ішінде колония қызметкерлері тоғыз ұялы телефон мен жарты келіге жуық марихуананы ерекше тәртіптегі колонияға кіргізбек болғандардың жолын кесті. Қызметкерлер ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ОВ 156/20 мекемесінің негізгі қоршауының жанында “тыйым салынған” заттарды лақтыру әрекеті кезінде екі ер адамды ұсталды.

– Ұсталған адамдардың екеуінде де тыйым салынған заттар болған. Тоғыз ұялы телефоны және үш SIM-карта, сондай-ақ куәгерлердің көзінше екінші азаматтан ерекше иісі бар жасыл түсті зат тәркіленді, – деді ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Жанболат Қалетаев.

Аталған фактілер бойынша Ертіс және Согра ПБ жедел тобы шақырылды. Енді азаматтарға әкімшілік және қылмыстық жаза қолданылады.

Back to top button