Мөлдір Әуелбекованың елден жасырған күйеуі жайлы мәлімет тарады

Мөлдір Әуелбекованың елден жасырған күйеуі жайлы мәлімет тарады

Мөлдір Әуелбекованың елден жасырған күйеуі жайлы мәлімет тарады
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде қазақ эстрадасының әншісі Мөлдір Әуелбекованың елден жасырған күйеуі жайлы мәлімет тарап, қызу талқы басталды. Nege.kz сайтының мәліметінше, өнер иесінің көптен жасырып жүрген жолдасы – «Теңге ілу» федерациясының басшысы Қуаныш Құрашев. Желі қолданушыларының мұндай болжамына әншінің өзі жариялаған фотосы мен онда қалдырған жазбасы себеп болған. Әнші instagram парақшасында әріптесі Мұхтар Ханзадамен түскен суретін жариялап, оған: «Менің қожайыным – Қуанышымды Ишан қайнымның парақшасынан көріп аларсыздар», – деп жазба қалдырған.  width= Кейіннен әнші Мұхтар Ханзада Instagram желісінде расымен Қуаныш атты ағасымен түскен фотосын жариялаған болып шықты. Ол тіпті ағасына өлең жолдарын да арнаған. Ашық дереккөздердегі ақпаратқа сәйкес, Қуаныш Құрашев 1984 жылы 23 қазанда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік Заң академиясын, Экономика және құқык академиясын, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетін, Ресей Федерациясы президентінің жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Юриспруденция магистрі, заң ғылымының кандидаты.