«Қазгидромет» РМК Қазақстанның 12 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады. 17 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. 18 ақпанда Қарағанды облысында түнде кей жерлерде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), 19 ақпанда республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Павлодар облысында 18 ақпанда кей жерлерде, 19 ақпанда басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, 18 ақпанда кей жерлерде күші 15-20 м/с, 19 ақпанда басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с. 17 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласында 17 ақпанда кей уақыттарда көктайғақ, түнде және таңертең тұман күтіледі. 17 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. 17 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қаласында 17 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі. 17 ақпанда Атырау облысының күндіз кей жерлерінде қатты қар жауады. Кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. 17 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. 17 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. 17 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі. 17 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. 17 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Тараз қ: 15-17 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі.
Жүктелуде...