253
Коронавирус: ДДСҰ басшысы әлем елдеріне жақсы жаңалық жеткізді
Коронавирус: ДДСҰ басшысы әлем елдеріне жақсы жаңалық жеткізді
Әлемде өткен жылдың қазан айынан бері алғаш рет коронавирусты жұқтырудың ең төменгі апталық көрсеткіші тіркелді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус мәлім етті, деп хабарлайды РИА Новости.
Ұйым басшысының сөзінше, жаңа штамдардың пайда болғанына қарамастан, індеттің таралуы бір айдан бері бәсеңдеп келе жатыр. Ол бұған мемлекеттерде енгізілген шектеу шаралары ықпал еткенін атап өтті.
"Әлемде коронавирусты жұқтырудың апталық көрсеткіші екі есе азайды. Мысалы, қаңтар айының бас кезінде дүние жүзінде апта сайын вирусты 5 миллион адам жұқтырып келсе, ақпанның сегізіндегі есепте жеті күнде 2 миллион 600 мың дерек тіркеліпті. Яғни көрсеткіштерді салыстыра келе індет қарқыны бәсеңдеді деп айтуға негіз бар. Демек шектеулер мен санитарлық талаптар тіпті жаңа штамдарға қарамастан оң әсер бергенін көрсетеді. Ендеше коронавирусты бақылауға алып, онымен күресуге әбден болады", - дейді Тедрос Гебрейесус.