Дәрігер: Вакцина белсіздікке ұшыратпайды

Дәрігер: Вакцина белсіздікке ұшыратпайды

Дәрігер: Вакцина белсіздікке ұшыратпайды
ашық дереккөзі
50254
Медицина ғылымдарының докторы, профессор Ләззат Ералиева коронавирус вакцинасының белсіздікке ұшырататыны туралы әңгіменің негізсіз екенін мәлімдеді. Бұл жөнінде ол Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында айтты. «Кез келген вакцина қолданысқа енгізілмей тұрып, терең зерттеледі. Мәселен, Спутник V вакцинасы қазақстандық екпе секілді репродуктивті функцияға еш әсер етпейді. Егер QazCovid-in вакцинасы туралы айтар болсақ, жалпы мұндай вакцинаның бәрі де 80 жылдан бері пайдаланылып келеді. Осылайша, тұмау немесе басқа да ауруларға қарсы вакциналар белгілі бір дәрежеде жыныстық функцияға әсер етуі мүмкін. Бірақ олар да, коронавирусқа қарсы вакцина да белсіздікке ұшыратпайды», – деді Ләззат Ералиева

Серіктес жаңалықтары