Қоғам мемлекеттік органдардың қызметін тұрақты бақылай алады – Үкімет басшысы

Қоғам мемлекеттік органдардың қызметін тұрақты бақылай алады – Үкімет басшысы

Қоғам мемлекеттік органдардың қызметін тұрақты бақылай алады – Үкімет басшысы
ашық дереккөзі
2022 жылы мемлекеттік органдардың барлық ақпараттық базасы бірыңғай жүйеге ықпалдастырылады. Бұл туралы Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында Үкімет басшысы Асқар Мамин айтты. «2022 жылы мемлекеттік органдардың барлық ақпараттық базасы әрбір азаматтың цифрлық профилін құра отырып, бірыңғай жүйеге ықпалдастырылатын болады», – деді Үкімет басшысы «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлау бағдарламасын орындаудың Жол картасын талқылау барысында. Премьер-Министрдің айтуынша, қоғам тарапынан мемлекеттік органдардың қызметіне тұрақты бақылау болып, ашықтық қамтамасыз етіледі. «Биыл Қазақстан Президентінің тиісті Жарлығына қол қойылатын болады», – деді Асқар Мамин.