Экология министрлігі 6 қалада қоқыс жағатын зауыт салмақ

Экология министрлігі 6 қалада қоқыс жағатын зауыт салмақ

Экология министрлігі 6 қалада қоқыс жағатын зауыт салмақ
ашық дереккөзі
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов қалалар мен ірі аудандарда қалдық жинайтын 84 полигон салу керектігін айтты. «Қазіргі кезде экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін полигондардың жағдайы маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Министрлік республика бойынша аудандық және облыстық орталықтар үшін қажетті полигондардың санына талдау жүргізді: орталықтарда 110 полигон істеп тұр. Бұл ретте, бірінші кезеңде қалалар мен ірі аудандарда үш жылда кемінде 84 полигон салу керек», – А.Пірімқұлов. Оның айтуынша, 6 қалада қоқыс жағатын зауыт салу жоспарда бар (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Тараз, Ақтөбе). Осы орайда басқа да қалалар бұл жоспарға қызығушылық танытып отыр. «Биыл бірінші жартыжылдықта аукцион өткізу және энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру, ал екінші жартыжылдықта қорытынды шығару ескерілген», – деді вице-министр.