Мемлекеттік қызметкерлердің саны 25 пайызға қысқарады

Мемлекеттік қызметкерлердің саны 25 пайызға қысқарады

Мемлекеттік қызметкерлердің саны 25 пайызға қысқарады
ашық дереккөзі
Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында Үкімет басшысы Асқар Мамин биыл мемлекеттік аппарат қызметкерлері 25 пайызға қысқаратынын айтты. «Халық пен бизнестің қалауын қанағаттандыруға бағдарланған тиімді мемлекеттік аппарат құру бойынша жұмыс жалғасады. 2025 жылға қарай барлық мемлекеттік органдар автоматтандырылып, электронды форматқа көшіріледі», – деді Үкімет басшысы. Оның атап өтуінше, биыл қызметтердің 92 пайызы цифрландырылады. «2021 жылы мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік сектордағы қызметкерлердің саны 25 пайызға қысқарады. Биыл азаматтардың қызметтерді электронды түрде дербес алуы үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарын онлайн кеңес беруге бейімдеу жұмыс басталады», – деді Асқар Мамин.