Қосшы Нұр-Сұлтанға қосыла ма – елорда әкімі жауап берді

Қосшы Нұр-Сұлтанға қосыла ма – елорда әкімі жауап берді

Қосшы Нұр-Сұлтанға қосыла ма –  елорда әкімі жауап берді
ашық дереккөзі
Елорда іргесіндегі Қосшы елді мекені қалаға қосыла ма?. Бұл сауалға бүгін қала тұрғындарымен есеп беру кездесуінде елорда әкімі Алтай Көлгінов жауап берді. «Қосшы ауыл емес, үлкен қала болды. Біз Ақмола облысы әкімдігімен тығыз жұмыс істейміз. Өткен жылы карантин кезінде Қосшыны блок-посттың ішіне қостық. Неге? Өйткені, тұрғындарының басым бөлігі қалада жұмыс істейді, оқиды, ем алады. Бүкіл қызметтердің барлығы қалада сіздер үшін ашық, оны ешікім шектемейді. Тап осындай Қосшы секілді қаланың маңайында бірнеше елді мекен бар. Урбанизация жүйесінде агломерация деген бар. Яғни, үлкен қаланың төңірегінде қалашықтар пайда болады. Ол заңдылық», - деді Алтай Көлгінов Қосшы елді мекені тұрғының сауалына орай. Оның айтынша, қаланың аумағында 16 тұрғын үй алабы бар. Оларда 300 мыңға жуық адам тұрады, мәселелері де жеткілікті. «Ақмола облысы Нұр-Сұлтан қаласымен бірге тығыз жұмыс атқарады. Қазір қалаға қосатын ешқандай жоспар жоқ. Себебі бізде қала аумағындағы тұрғын үй алаптарымен айналысатын мәселелер жеткілікті. Өңір-қала болып бірлесе жұмыс атқаруға дайынбыз», - деді Алтай Көлгінов.