Жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған қызға қатысты сот үкімі шықты

Жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған қызға қатысты сот үкімі шықты

Жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған қызға қатысты сот үкімі шықты
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысында жаңа туған сәбиін пакетке салып, әжетханаға тастаған қызға қатысты сот үкімі шықты. Қазталов аудандық №2 сотының үкімімен Оралдағы колледждердің бірінде оқитын, Жаңажол ауылында тұратын 19 жастағы қыз ҚР ҚК 100-бабына сәйкес айыпты деп танылып, оның екі жылға бас бостандығы шектелді. Сот талқысында анықталғанындай, қыз былтыр қыркүйек айында таныс жігітінен жүкті болып қалғанын білген. Алайда бұл жөнінде ата-анасы немесе басқа адамдарға айтпаған. Содан 23 қараша күні үйінде тірі күйінде ұл баланы туған, сол жерде қайшымен баланың кіндігін кескен. Сосын шақалақты целлофан қапқа салып, қора ішіндегі дәретханаға салып жіберіп, жаңа туған сәбиін өлтірген. Сотталушы өзінің кінәсін толық мойындады. Қыздың сөзіне қарағанда, кездесіп жүрген жігітіне қараша айында телефон арқылы жүкті болып қалғанын жазып жібергенде, ол «бала керек емес, не істесең, өзің біл» деп жауап берген. 23 қараша күні түскі тамақтан кейін анасы дүкенге кеткен. Әкесі мен екі бауыры өз бөлмелеріне кіріп, демалып жатып қалған. Сәбиін туып, дәретханаға тастағаннан кейін үйге кіріп, өз бөлмесіне барып жатып қалған. Алайда анасы келгеннен кейін ауруханаға апаруын өтінген. Ауруханада барлық жағдай белгілі болды. Қыз қылмыс жасағанына өкінетінін білдіріп, соттан қатаң жазаламауды сұрады. Сараптамаға сәйкес 8-8,5 айлық сәби тірі туған. Сот үкім тағайындаған кезде сотталушының кінәсін толық мойындағанын, материалдық және отбасылық жағдайын, бұрын сотталмағанын, жастығын ескерді. БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, үкім заңды күшіне енген жоқ. Еске сала кетейік, оқиға былтыр қараша айында Қазталов ауданында болған.