Сот Алматы облысы білім басқармасының басшысы Майгүл Омарованы қамауға алды. Бұл туралы облыстық прокуратура ресми сауалымызға жауап берді, – деп жазды Tengrinews.kz. Майгүл Омарова мен «Алматы облыстық білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар ғылыми-практикалық орталығы» КММ басшысы Арапби Меңлібаев қамауға алынды. «2021 жылы 4 ақпанда Талдықорған мамандандырылған тергеу соты күдіктілер М.Омарова мен А.Меңлібаевқа қатысты екі айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Күдікті Б.Абдолданова үйқамаққа алынды», – деп хабарлады Алматы облысының прокуратура өкілдері. Қазіргі уақытта іс бойынша сот алды тергеу жүріп жатыр. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі басқа мәліметтер әзірге жария етілмейді. Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті «Алматы облысының білім басқармасы» ММ-нің лауазымды тұлғаларына қатысты соталды тергеу бастаған болатын. Іс ҚР ҚК-нің 366-бабы 4-бөлігі «Пара алу» және ҚР ҚК-нің 367-бабы 4-бөлігі «Пара беру» бойында тергеліп жатыр. Тергеу материалдарына сәйкес, Майгүл Омарова 2020 жылдың қазан-қараша айларында жалпы сомасы 406 миллион теңгеге 2522 ноутбук жеткізуге және пандемиямен күрес бойынша дағдарысқа қарсы іс-шаралар шеңберінде сатып алынған ноутбуктерді кедергісіз қабылдауға мемлекеттік сатып алу шарттарын жасаған.
Жүктелуде...