Дәрігер жүрекке қауіп төндіретін дәріні атады

Дәрігер жүрекке қауіп төндіретін дәріні атады

Дәрігер жүрекке қауіп төндіретін дәріні атады
ашық дереккөзі
296
Белгілі ресейлік дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников "Россия 1" телеарнасының эфирінде тамыр тарылтатын тамшылардың қаупі жайлы айтты.  "Тамырларды тарылтатын препараттар жүрекке әсер етеді. Олар кей адамдарда аритмия тудыруы мүмкін", - деп түсіндірді ол. Мясников мұндай тамшылардың жанама әсерлерінің бірі тахикардия екенін атап өтті. Оның пікірінше, тамшылар ағза жұмысының бұзылуына және тіпті жүрек ауруы немесе гипертониясы бар адамда миокард инфарктісінің дамуына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, дәрігердің айтуынша, тамыр тарылтатын тамшылар қандағы калий деңгейін жоғарылатады, бұл өз кезегінде бүйрек ауруы бар адамдар үшін үлкен қауіп төндіреді. "Есіңізде болсын, тамшыларды үш күннен артық қолдануға болмайды, ары кетсе бес күн, одан асса, түрлі қиындықтан туындауы мүмкін", — деп қорытындылады Мясников.

Серіктес жаңалықтары