"Вирус жасап шығаруы мүмкін": Билл Гейтс пандемиядан кейін адамзатқа төнетін екі қауіпті атады

"Вирус жасап шығаруы мүмкін": Билл Гейтс пандемиядан кейін адамзатқа төнетін екі қауіпті атады

"Вирус жасап шығаруы мүмкін": Билл Гейтс пандемиядан кейін адамзатқа төнетін екі қауіпті атады
ашық дереккөзі
Microsoft компаниясының негізін қалаушы, мультимиллиардер Билл Гейтс Veritasium YouTube арнасына берген сұхбатында коронавирустық пандемиядан кейін адамзатқа төнетін екі қауіпті атады, деп жазады РИА Новости "Олардың бірі — климаттың өзгеруі", - деді Гейтс әлем дайын емес қауіптер туралы сұраққа жауап бере отырып. Оның пікірінше, жыл сайын осы факторға байланысты өлім деңгейі қазіргі пандемия кезіндегіден де көп болмақ. Билл Гейтс атаған екінші қауіп — биотерроризм. "Зиян келтіргісі келетін адам вирус жасап шығаруы мүмкін, демек, әлемнің табиғи індеттермен салыстырғанда қолдан жасалған аурулармен кездесу ықтималдығы жоғары",-деп толықтырды Гейтс. Бұған дейін Microsoft негізін қалаушы Германияның Süddeutsche Zeitung басылымына берген сұхбатында Әлем COVID-19 пандемиясынан он есе күрделі болуы мүмкін келесі пандемияға дайын емес екенін айтты. — Екі жылдан кейін жағдай басқаша болады деп үміттенемін. Вакциналар, тесттер, дәрі-дәрмектер, эпидемиология, мониторинг — көп нәрсені жасауға болады", - деді ол. Гейтстің пікірінше, коронавирус жер сілкінісі, торнадо немесе климаттың өзгеруімен бірдей дәрежеде күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналды, ал мұндай қауіптерге жауап жаһандық дәрежеде берілуі керек.