Украинаның Запорожье облысындағы жұқпалы аурулар ауруханасында өрт болды. Оқиға салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы екі адам зардап шекті. Бұл туралы республиканың Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі сайтында хабарланды. Өрт 3 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 23:25-те бес қабатты емдеу ғимаратының бірінші қабатында басталған. Облыстық жұқпалы аурулар клиникалық ауруханасы Запорожье қаласында Гвардейский бульвары, 142 мекен-жайы бойынша орналасқан. Құтқарушылар сегіз адамды құтқарды. Шамамен бір сағаттан соң өрт 60 адам мен 16 бірлік техниканың күшімен тоқталылды.
Жүктелуде...