Бұдан былай шенеуніктер ғылыми жұмыстарын президент рұсқатынсыз қорғай алмайды

Тәжікстан президенті жанындағы Жоғарғы аттестациялық комиссия жоғары оқу орындары жанындағы ғылыми кеңес пен диссертациялық кеңеске директив жолдады.

Құжатқа сәйкес, мемлекеттік қызметте істейтін шенеуніктер ғылыми жұмыстарын тек мемлекет басшысының рұқсатымен ғана қорғай алады, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

2018 жылы Ресейдің «Диссернет» порталы Тәжікстандағы шенеуніктердің, компания жетекшілерінің және педагогтардың ғылыми еңбектеріне анализ жүргізіп, 40 адамды плагиаттыққа айыптаған болатын.

Олардың арасында президенттің кадрлар мәселесі бойынша көмекшісі Асадулло Рахмон, бірінші вице-премьер-министр Давлатали Саид, Хатлон облысының басшысы Давлатшо Гулмахмадов және президентке қарасты білім беру саласын бақылау агенттігінің директоры Шохин Саидов та болған.

2014 жылы Тәжікстан президенті жанынан Жоғарғы аттестациялық комиссия құрылды. Бұдан бөлек мемлекеттің жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерде 56 диссертациялық және 15 эксперттік кеңес жұмыс істейді.

Back to top button