AZ-дің «Ninety One» тобынан кетуіне Ерке Есмахан себеп болған ба?

AZ-дің «Ninety One» тобынан кетуіне Ерке Есмахан себеп болған ба?

AZ-дің «Ninety One» тобынан кетуіне Ерке Есмахан себеп болған ба?
ашық дереккөзі

«Ninety One» тобының экс-мүшесі «AZ» лақап атымен танымал Азамат Зенкаев атышулы топтан кетіп, Q-pop тыңдармандарын таң қалдырған болатын. Жас рэпердің бұл әрекетіне өзінен 9 жасқа үлкен әнші Ерке Есмаханмен көңіл жарастырғаны себеп болды ма? Бұл сұраққа «Ninety One» тобының продюсері Ерболат Беделхан жауап берді.

«НТК» арнасының «Ревю» бағдарламасына берген сұқбатында топ продюсері AZ-дің топтан кетуіне рэпердің жеке басындағы шығармашылық дағдарыс себеп болғанын айтты.

«Азамат топтан кету туралы шешім қабылдаған кезде оның Ерке екеуінің арасындағы махаббат сезімінен бейхабар едім. Бұл жаңалықты осы жақында ғана естідім. Яғни, бұл ара-қатынастың ешқандай қатысы жоқ. AZ-дің топтан кетуіне екі себеп бар: бірі – әншінің жеке басында болған шығармашылық тоқырау, екіншісі – Азаматтың өзі «өнерден шаршадым, маған тайм-аут керек» деді. Әлбетте, қимастық болды. Бірақ «кетем» деген адамды ұстамаймын», – деп жауап берді Ерболат Беделхан.

Продюсер AZ топтан кетсе де, онымен жақсы қарым-қатынас сақталғанын жеткізді. «Ninety One» тобының мүшелері де Азаматпен әлі күнге дейін дос ретінде араласады екен.

Айта кетейік, Ерке Есмахан «Ninety One» тобының экс-мүшесі Азамат Зенкаевпен кездесіп жүргенін мойындады. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Ерке Есмахан болу оңай емес. AZ-мен жүру де оңай емес, бір қарағанда», – деп қысқа да нұсқа жауап берді шоу-бизнес өкілі.

Өнер иесінің бұл жазбасынан кейін желі қолданушылары арасында АZ-дің топтан кетуіне осы ара-қатынас себеп болғаны туралы қызу талқы басталды.