Бұрқасын, көктайғақ, жел: Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райын болжады

Еліміздің синоптиктері алдағы үш күнге – 2-4 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды «Қазгидрометтің» баспасөз қызметі.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Антлантикалық циклонның жырасы Қазақстан аумағы бойынша батыстан шығысқа қарай жылжиды. Бұл циклон өзімен бірге жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюін, сондай-ақ солтүстік жартысында ауа температурасының көтерілуіне әкеледі.

Ал оңтүстік өңірлерге биік жота әсер етеді, ол жауын-шашынсыз күн шуақты ауа райын әкеледі.

Back to top button