1 ақпаннан бастап Қазақстанда Ресей вакцинасы салынады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстанда 1 ақпаннан бастап «Спутник V» ерікті вакцинациялау науқаны басталды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
«Қарағанды фармацевтикалық кешені «Спутник V» вакцинасының алғашқы ставкасын елге жеткізді. Жалпы ақпан айында Қарағанды фармацевтикалық кешеніне 112 мың  дозасы, наурыз айында-150 мың, сәуірден маусым айына-600 мың доза  вакцина беріледі. Сондай-ақ, сәуір айынан бастап отандық QazCovid-in вакцинасын 75 мың адамға егу жоспарланып отыр. Ең алдымен халықтың белгілі бір топтары екпе салдырады, олар – медицина қызметкерлері, полиция қызметкерлері, әскерилер және т.б. Профилактикалық екпе салдыруға ешқандай қарсылығы жоқ адамдарға вакцина салуға рұқсат етіледі. Вакцина салу алдында міндетті медициналық тексеру жүргізіледі.
Елімізде вакцина салу пункттерінің дайындығы тексерілді. Профилактикалық екпелердің стандартты операциялық процедуралары бекітіліп, 2 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды. Атап өту керек, тек вакцинация ғана коронавирустің одан әрі таралуына жол бермеуі мүмкін», дейді Денсаулық сақтау министрлігі.

спудиник

Back to top button