Бейбіт Шүменов әлем чемпионы атағынан айырылды

Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақтағы әлемнің «тұрақты» чемпионы дәрежесінен айырылды.

Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы WBA Regular «уақытша» әлем чемпионы бельгиялық Рияд Мерхи деп хабарлады.

Өзінің келесі жекпе-жегінде ол кубалық Юниэр Дортикоспен жұдырықтасады. Қарсыластарға келіссөз жүргізуге 30 күн уақыт берілді,– деп хабарлайды Sports.kz.

Осыған дейін WBA Мерхиді Шүменовтің міндетті қарсыласы деп бекіткен болатын, алайда қарсыластар ортақ келісімге келе алмады. 29 қаңтарда Бейбіт Флорида штатында америкалық Рафаэль Мерфимен жұдырықтасуы керек болатын, дегенмен белгісіз себептермен қазақстандық боксшы жекпе-жектен бас тартты.

Шүменов 2018 жылғы шілде айында түрік боксшысы Хизни Алтункаяны нокаутқа түсіргеннен кейін рингке шықпады.

WBA шешімі ішкі ережелерге негізділген. Шүменов WBA ұсынған көптеген мүмкіндіктердің ешқайсысына қатыспаған, осылайша 30 айдан астам уақыт өзінің титулын қорғамаған, – делінген Ассоцицияның қаулысында.

 

 

Back to top button