Роза Рымбаева мен Мәдина Сәдуақасова Елбасы атынан алғыс хат алды

Мегаполистің 700-ге жуық тұрғыны сайлау науқанына белсенді қатысқаны үшін «Nur Otan»партиясының Лидері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың марапатына ие болды.

Олардың қатарында республикалық сайлауалды штабтың құрамына кірген алматылықтар – қазақстандықтардың сүйіспеншілігіне бөленген мәдениет және өнер қайраткерлері Алтынбек Қоразбаев, Мақпал Жүнісова және Досхан Жолжақсынов, еліміздің танымал ғалымдары мен ірі оқу орындарының басшылары Такир Балықбаев пен Кенжехан Матыжанов бар. Қалалық сайлауалды штаб мүшелерінің ішінде эстрада әншісі Роза Рымбаева, Мәдина Сәдуақасова, ғылыми зиялы қауым өкілдері Борис Жапаров пен Тілектес Есполов, сондай-ақ белгілі спортшы Наиль Нұров бар.

e3223f52 8796 47c0 95b2 1db224605541

Партияның алматылық жақтастары да назардан тыс қалған жоқ. Олар Асанәлі Әшімов, Бибігүл Төлегенова, Ескендір Хасанғалиев, Аягүл Миразова, Нұржан Мұхамеджанова және басқа да қаладағысайлау науқаны кезінде ақпараттық қолдау көрсеткен масс-медиа, мәдениет және кәсіпкерлік саласының танымал өкілдері.

Алғыс хатта Қазақстанның Тұңғыш Президенті партияның сенімді жеңісін қамтамасыз етудегі үлесі мен жұмыс нәтижелерін, сондай-ақ елдің үдемелі дамуын қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі одан әрі тығыз жұмыс істеу қажеттігін атап өтті.

d7097dd9 142d 457e 8643 ee5ba919db17

Естеріңізге салсақ, сайлау науқаны барысында партияның Алматы қалалық филиалының сайлауалды бағдарламасын мегаполис тұрғындарына барлық деңгейдегі депутаттыққа 78 кандидат, 1700 сенімді тұлға, қалалық және 8 аудандық сайлауалды штаб мүшелері және шарттық негізде жұмыс істеген 1000 белсенді түсіндірді. Ал қалалық сайлауалды штабты басқару міндеті қаланың қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшановқа жүктелді.

«Алматының нұротандықтары жаңа саяси маусымға толық дайын. Бүгінгі таңда партияның қатарын бюджеттік сала қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпкерлер, зейнеткерлер, жастар мен студенттер құрайды, олар мегаполистің барлық аудандарында бар. Оның ішінде, нұротандықтардың ең көп саны Әуезов және Бостандық аудандарында, онда кәсіпорындарда жүзден астам бастауыш партия ұйымдары құрылған. Партияның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық бағыты алдағы уақытта да кадрлық және адами әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді. Өйткені, Алматы қалалық филиалының сайлауалды бағдарламасы қаланы кешенді дамытуға бағытталған және әлемнің үздік мегаполистерінің қатарына кіруіне ықпал етеді.Ал алматылықтардың әл-ауқатын арттыру және олардың проблемаларын шешуге жәрдемдесу біздің партиямыздың ең маңызды міндеті болып қала береді. Мысалы, өткен айды алсақ, жыл басынан бері қоғамдық қабылдауларға 200 өтініш келіп түсті, олардың 44 оң шешімін тапты. Ал 66-ы бойынша түсініктемелер мен ауызша кеңестер беріліп,тиісті жұмыстар жүргізілуде», – деп атап өтті «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев.

Back to top button