Нұр-Сұлтанда үйге газ орнату құны 30% арзандады

Елорда әкімдігі монтаждау жұмысының құрылысына маманданған жеке ұйымдармен бірнеше рет кездесу өткізді.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, мысалы, «Әлия сервис» ЖШС үй ішінде газ өткізу құнын 240 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін төмендетті (37,5% – ға), «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ – 123 мың теңгеге жуық және басқа да бірқатар жеке ұйым үй ішіне газ өткізу құнын арзандатты. Бұл сомаға газ жабдығы мен жиынтықтауыштардың құны кірмейді.

Тұрғын үй алаптарында газ тарату желілерін, оның ішінде үйлер бойындағы орамішілік желілерді салумен Нұр-Сұлтан әкімдігі айналысады, ал үй ішіне тікелей жеткізуге жеке ұйымдар жауапты.

Тұрғындар кез келген мамандандырылған компанияны таңдауға құқылы. Жобаның әлеуметтік маңызын ескере отырып, әкімдік жеке ұйымдармен монтаждау жұмыстарының құнын төмендету бойынша келіссөз жүргізуде. Есептегіштер азаматтарға тегін беріледі.

Back to top button