Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарына атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етіп, қар жауады, біртіндеп күн жылына бастайды. Дейтұрғанмен, кей жерде тұман, желдің күшеюі, бұрқасын, көктайғақ күтіледі, – деп хабарлады Қазгидромет. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, бұрқасын, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Жамбыл, түнде Алматы облыстарының кей жерінде – тұман, таңертең және күндіз Жамбыл, күндіз Алматы (Жалаңашкөл ауданы), Қызылорда облыстарының кей жерінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтобе, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман, Павлодар және Қарағанды облыстарының кей жерінде көктайғақ күтіледі.
Жүктелуде...