26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл жайында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады. «Ертең, яғни 26 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтеді. Онлайн форматта өтетін жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланбақ», - деп жазды Берік Уәли. Аккредитациядан өткен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері аталған іс-шараны «Қазмедиа орталығынан» дер кезінде таратуға мүмкіндік алады.
Жүктелуде...