"100 млн доллар сыйақы беремін": Илон Маск бірегей технология үшін байқау жариялады

"100 млн доллар сыйақы беремін": Илон Маск бірегей технология үшін байқау жариялады

"100 млн доллар сыйақы беремін": Илон Маск бірегей технология үшін байқау жариялады
ашық дереккөзі
SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск көмірқышқыл газын ұстап қалудың ең тиімді технологиясын ойлап тапқан адамға 100 миллион доллар төлеуге уәде берді. "Мен көмірқышқыл газын ұстап қалудың ең үздік технологиясы үшін сыйлық ретінде 100 миллион доллар беремін", - деп жазды Маск Twitter-де. Ол келесі аптада осы ұсыныстың егжей-тегжейін хабарлайтынын жеткізді. Көмірқышқыл газын ұстап қалу дегеніміз - газды өнеркәсіптік және энергетикалық көздерден бөлу және оны атмосферадан ұзақ мерзімді оқшаулау процесі. Көміртекті ұстап қалудың негізгі мақсаты - жаһандық жылынумен, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануымен күресу.