Қазақ қыздары Сербияда өтіп жатқан жарыста бірінен соң бірі чемпион болды

Қазақ қыздары Сербияда өтіп жатқан жарыста бірінен соң бірі чемпион болды

Қазақ қыздары Сербияда өтіп жатқан жарыста бірінен соң бірі чемпион болды
ашық дереккөзі
Әйелдер арасындағы бокстан Сербияда өтіп жатқан халықаралық турнир аяқталуды. «Ұлт кубогы» атты бұл турнирде Қазақстан командасы бірнеше алтын медалға қол жеткізді дейді Olympic.kz сайты. 81 келі салмақта Ләззат Күнгейбаева ресейлік қарсыласын айқын басымдылықпен жеңді. Сондай-ақ, 48 келідегі салмақта Арайлым Марат словакиялық қарсыласына дес бермей чемпион болса, финалда 54 келі салмақта шаршы алаңға шыққан Дина Жоламан да сербиялық боксшыны шақ келтірмеді. Бұл – қазақ қыздарының мықтылығын көрсетсе керек. Әйелдер боксында жүлденің алдын бермей келе жатқан спортшы қыздарымызға сәттілік тілеп, олимпиада ойындарында да көк туымызды желбіретіп, еліміздің атын шығара бергей дейміз.