Жаңа қаулы: Елордада демалыс күндері ойын-сауық орталықтары істемейді

Жаңа қаулы: Елордада демалыс күндері ойын-сауық орталықтары істемейді

Жаңа қаулы: Елордада демалыс күндері ойын-сауық орталықтары істемейді
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы қаулы жаңартылды. Оның ішінде: Ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 80%-ын қашықтықтан жұмыс істеу түріне көшіру; Қалалық қоғамдық көліктің жұмысына жұмыс және сенбі күндері сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеу және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салу; Әр сыныпта 15 балаға дейін жинақтаумен жұмыс істеуге рұқсат етілетін жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып оқушылары мен халықаралық мектептердің 1-7 сынып оқушылары үшін, кезекші сыныптардан басқа, ағымдағы оқу жылында меншік нысанына қарамастан білім беру объектілерінің жұмысын онлайн-оқыту режимінде ұйымдастыру; Оқу жылының III тоқсанынан бастап меншік нысанына қарамастан білім беру объектілерінің жұмысын ұйымдастыруды жалпы білім беретін (9 және 11 сыныптар) және халықаралық (10 және 12 сыныптар) мектептердің бітіруші сыныптары үшін, ата-аналарының өтініші бойынша, сыныпта 15 балаға дейін жинақтау кезінде жұмысына жол берілетін аралас оқыту режимінде (пәндердің 70% - дәстүрлі форматта, 30% - қашықтықтан) қамтамасыз ету; Оқу жылының II семестрінен бастап ЖОО-лар мен колледждердің жұмысын бірінші курс студенттері үшін жұмыс істеуге рұқсат берілетін аралас оқыту режимінде (пәндердің 70%-дәстүрлі форматта, 30%-қашықтықтан) қамтамасыз ете отырып ұйымдастыру; Оқу жылының III тоқсанынан бастап білім беру объектілерінде сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультациялар ұйымдастыру; Сауда, ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын жұмыс уақыты өткеннен кейін сатып алушылардың сауда залында болуына тыйым салумен жұмыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып және демалыс күндері (оларда орналасқан дәріханалар және тамақ өнімдері мен бірінші қажеттіліктегі заттарды сататын шағынмаркеттерді, супермаркеттерді және гипермаркеттерді қоспағанда) жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру. Бұл ретте көрсетілген объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарының, қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) орналасқан жеріне қарамастан жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып, авто-экспресстің және тамақты жеткізудің жұмысын штаттық режимде ұйымдастыру қолға алынсын делінген.