Мемлекет басшысы VII шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашты

Мемлекет басшысы VII шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашты

Мемлекет басшысы VII шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашты
ашық дереккөзі
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашты. «ҚР Конституциясының 59-бабына сәйкес, 7-шы шақырылымдағы Парламенттің 1-ші сессиясын ашық деп жариялаймын», – деді ҚР Президенті. Отырысқа Сенаттың 49 депутатының 42-сі, Мәжілістің 107-і депутатының 99-ы қатысып отыр. Мемлекет басшысы мәжіліс депутаттарына табыс тіледі. «Құрметті депутаттар! Баршаңызды сайлаудың аяқталуымен құттықтаймын және жаңа құрамдағы Мәжіліс депутаттарына табыс тілеймін. Өткен шақырылымның депутаттарына ойдағыдай қызмет атқарғаны үшін ризашылығымды білдіремін», – деді Президент. ҚР Президентінің дерегінше, 5 жылға жуық уақытта Парламент қабырғасында 410 заң қабылданды. Депутаттар өздерінің заңға бастамашылық ету құқығын толық пайдаланып, 60-қа жуық заң жобасын дайындады. «Бұл осыған дейінгі 5-ші шақырылым депутаттарының бастамаларын қоса алғаннан да көп. Жаңа депутаттар алдыңғы әріптестерінің осы қарқынын сақтай отырып, анағұрлым қарқынды жұмыс істеуі қажет. Себебі бәрімізді зор міндеттер мен ауқымды істер күтіп отыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент депутаттық корпус өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқаратынына сенім білдірді. «Біз ұлттың жасампаздық әлеутін пайдаланған жағдайда ғана алға басып, табысқа жете аламыз. Реформаларды сапалы заңдар арқылы жүргізу – ұзақ мерзімді жетістікке жетудің басты шарты. Мен жаңарған депутаттық корпус өзіне жүктелген бұл міндеттерді абыроймен атқарады деп сенемін», – деді Президент. Айта кетейік, 7-ші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісіне еліміздегі 3 саяси партия және Қазақстан халқы Ассамблеясының кандидаттары депутат болды. Атап айтқанда, «Nur Otan» партиясы – 76, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 12, Қазақстанның халық партиясы 10 мандат иеленді. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан 9 депутат сайланды.