Олимпиада жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков мектеп директоры болып тағайындалды

Олимпиада жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков мектеп директоры болып тағайындалды

Олимпиада жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков мектеп директоры болып тағайындалды
ашық дереккөзі

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып тағайындалды.

Жаңа басшыны ұжымға таныстырған қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қалада даңқты тұлғаларды қызметке тағайындау үрдісі қалыптасып келе жатқандығын айтып, Оңғар Салхаұлына арнайы алғысын білдіріп құрмет көрсетті.

Аталған мектепті осы уақытқа дейін басқарып келген спорт шебері Оңғар Үндемесов зейнеткерлік демалысқа шықты.

Мұхтархан Қобланбекұлы Ділдәбеков – бокстан Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2000 жылы), әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1999 жылы), Азия ойындарының чемпионы және 2 дүркін жүлдегері (1998, 2002 және 2006 жылдары). Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының құрметті азаматы. «Парасат» орденінің иегері.