Ауа райының қолайсыздығына байланысты елордадан екі бағытқа шығатын жол жабылды. Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, сағат 12:10-нан бастап ауа райының бұзылуына байланысты (қатты жел, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) республикалық маңызы бар «Нұр-Сұлтан қаласы-Петропавл» автожолының 18-231 шақырымы (Нұр-Сұлтан қаласы-Щучинск қаласы) барлық көлік түрлері үшін жабылды. Сағат 12:35-тен бастап қолайсыз ауа райына байланысты (қатты жел, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) республикалық маңызы бар «Екатеринбург -Алматы» автожолының 1291-21426 шақырымында (Нұр-Сұлтан қаласы-Теміртау қаласы) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Жүктелуде...