"Үгіт-насихат кезінде бәсекелестік болған жоқ": ЕҚЫҰ өкілі еліміздегі сайлауға баға берді

"Үгіт-насихат кезінде бәсекелестік болған жоқ": ЕҚЫҰ өкілі еліміздегі сайлауға баға берді

"Үгіт-насихат кезінде бәсекелестік болған жоқ": ЕҚЫҰ өкілі еліміздегі сайлауға баға берді
ашық дереккөзі

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бақылау миссиясының жетекшісі Кристиан Вигенин биыл 10 қаңтарда өткен Қазақстандағы сайлауға қатысты пікір білдірді.

Ол пандемияға байланысты сайлау учаскелерінде санитарлық талаптарды сақтауға ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті.

«Халықаралық байқаушылардың барлық сайлау учаскесін толықтай аралап шығуға уақыты жетпеді. Қазақстандағы сайлау жалпы тыныш өтті. Дегенмен сайлау науқанының саяси жағын әлі де жетілдіру керек. Партиялар арасында бәсекелестік болуы тиіс. Үгіт-насихат кезінде бәсекелестік болған жоқ. Сайлауға қатысу, сайлаушыларды тіркеу, нәтижені жариялауға қатысты бұған дейін де айтылған ұсынымдарды орындауы қажет. ЕҚЫҰ азаматтық қоғамның өркендегенін қолдайды, – деді Кристиан Вигенин.
Сондай-ақ ол Қазақстанда сайлау процесін жетілдіру қажеттігіне тоқталды. Алдағы уақытта осыған байланысты халықаралық ұйым сайлау процесін оңтайландыруға қатысты ұсыныстарын айтады. Кристиан Вигениннің пайымдауынша, азаматтық қоғамда демократиялық сайлау өтеді.
«Біз сайлау туралы қорытынды есеп даярлаймыз. Ол 8 аптадан соң дайын болады. Қазақстанда болашақта сайлау процестерін жақсартуға бағытталған ұсыныстарымызды айтамыз», – деді ол.
Жалпы, ЕҚЫҰ-ның бақылау миссиясы сайлау күні Қазақстанның 17 өңірінің 13-інде 90-нан астам сайлау учаскесін аралады.
Қазақстандағы өткен сайлауға 20 елден 48 халықаралық байқаушы келді. Оның ішінде 41-і – ЕҚЫҰ өкілі.
Байқаушылардың мәлімдемесі ЕҚЫҰ-ның ресми сайтында жарияланды.