ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауда үш саяси партия ие болған депутаттық мандаттарды жариялады. Бұл партиялар жеті пайыздық межені еңсерді. Мәжілістегі депутаттық манданттар: «Nur Otan» партиясы – 76 мандат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы –12 мандат, Қазақстан Халық партиясына - 10 мандат алды. Айта кетейік, сайлау нәтижесі бойынша Қазақстан Халық партиясы – 9,10 пайыз, «Nur Otan» партиясы – 71,09 пайыз, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 5,29 пайыз, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 10,95 пайыз, «ADAL» саяси партиясы 3,57 пайыз дауыс жинады.
Жүктелуде...