«Алтын Орда» базары маңындағы жолайрық құрылысы қашан аяқталатыны белгілі болды

«Алтын Орда» базары маңындағы жолайрық құрылысы қашан аяқталатыны белгілі болды

«Алтын Орда» базары маңындағы жолайрық құрылысы қашан аяқталатыны белгілі болды
ашық дереккөзі
«Алтын Орда» базарының маңындағы жолайрық құрылысы әлі жалғасуда. «ҚазАвтоЖол» компаниясы құрылыс-монтаждау жұмыстары қашан аяқталатынын айтты.  Бүгінде «таға» типі бойынша көлік айрығының арматуралық қаңқасын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолдың жүру бөлігі 10 жолаққа дейін кеңейтіледі. Ақсай өзеніндегі көпір құрылысы, үш жерүсті жаяу жүргіншілер көпірі мен электр, газ құбыры, байланыс жұмыстары аяқталды. «Алтын-Орда» жобасын іске асыру үшін 16-19 шақырымға 10,7 млрд теңге бөлінді. Жобаны толық аяқтау 2021 жылға жоспарланып отыр», - деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі. Еске сала кетейік, Алматыда он жолақты тас жолдың құрылысы 2017 жылы басталған болатын.