Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылған ҚР Парламенті Мәжілісі депутатына кандидаттарды сайлау аяқталды. «Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері дауыс беруге 351 бюллетень алды. Пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерінің саны – 157», – деді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сайлау комиссиясының төрайымы Бақыт Бектемісова. Осы орайда ол пайданылмаған бюллетеньдер жойылатынын атап өтті. Айта кетейік, бүгін елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының Парламент Мәжілісіне ҚХА-дан депутаттар сайлауға арналған ХХVІІІ сессиясы ашылды. ҚХА Кеңесі Парламент Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидат ұсынды:
- Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының депутаты, ҚХА мүшесі Сауытбек Әбдірахманов;
- Батыс Қазақстан облысы армян этномәдеми «Масис» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі Аветик Амирханян;
- Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округінің әкімі Ілияс Буларов;
- Көкшетау қаласы білім бөлімінің «Техникалық лицей» КММ директоры Наталья Дементьева;
- «Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы» ЗТБ төрағасы, ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі Юрий Ли;
- «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті, ҚХА мүшесі Вакиль Набиев;
- «Шығыс» шаруа қожалығының жетекшісі, ҚХА мүшесі Шамиль Осин;
- «ЖетісуОблГаз» ЖШС бас директоры Владимир Тохтасунов;
- «Әзербайжан қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі Абилфас Хамедов.