Әскери бөлімдерде ашылған сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды

Әскери бөлімдерде ашылған сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды

Әскери бөлімдерде ашылған сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды
ашық дереккөзі
ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінде құрылған 19 сайлау учаскесінде дауыс беру мерзімінен бұрын аяқталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Офицерлер мен келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметшілер тұрғылықты жерлері бойынша сайлау учаскелерінде дауыс береді. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер және әскери оқу орындарының курсанттары үшін әскери бөлімдер мен мекемелерде 19 сайлау учаскесі құрылған болатын.  width= Бұл учаскелер 1 сағатқа ерте ашылып, тізімге енгізілген барлық сайлаушы дауыс берген соң, аталған сайлау учаскелеріндегі дауыс беру аяқталды.  width= Осы ретте жүздеген әскери қызметші үшін бұл алғаш рет қатысқан сайлау болғанын айта кеткен жөн.  width= «Бүгін мен бірінші рет депутаттар сайлауына қатыстым. Сайлауға  келу – құқығымыз ғана емес, әрбіріміздің міндетіміз. Дауыс беру арқылы біз болашағымызға таңдау жасаймыз»,деді танк бригадасының механик жүргізушісі, қатардағы жауынгер Рүстам Нүркеев.