ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматуллин сайлауда дауыс берді

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматуллин сайлауда дауыс берді

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматуллин сайлауда дауыс берді
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан №111 Сайлау учаскесінде ҚР Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин дауыс берді. Өз таңдауын жасап, бюллетеньді жәшікке салған соң Мәжіліс Төрағасы өтініш білдірген журналистерге сұхбат берді.  width= «Ең бірінші VI шақырылымның жұмысы туралы айтайын. Нәтиже жақсы болды. Көптеген заңдар қабылданды. Әлеуметтік жағынан болсын, экономика жағынан болсын (көптеген жұмыс атқарылды – ред.). Ең біріншіден, Елбасының стратегиялық курсының, Мемлекет басшысының Жолдауының қойған тапсырмаларының барлығы заң жағынан орындалды. Ал енді VII шақырылым депутаттары осы жұмыстардың барлығын жалғастырып, болашақта елімізге, халқымызға, қазақстандықтарға керек заңдарды қабылдайды деп сенемін», – деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.