Ақтаудағы жол апатынан 3 адам зардап шекті (видео)

Ақтауда болған жол апатынан үш адам зардап шекті. Апат болған сәт видеоға түсіп қалған, – деп хабарлайды

Жол-көлік оқиғасы 8 қаңтарда Шығыс-1 және Шығыс-2 шағынаудандары арасында болды. Audi B4 және Toyota 4Runner автокөліктері соқтығысып қалды. Себебі бірінші көліктің жүргізушісі жол бермеген.

«Үш адам зардап шекті. Олар Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 610-бабы бойынша хаттама толтырылды», – деп атап өтті Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Back to top button