«Nur Otan»: Бірлік пен келісім – береке бастауы

«Nur Otan»: Бірлік пен келісім – береке бастауы

«Nur Otan»: Бірлік пен келісім – береке бастауы
ашық дереккөзі
2021 жылы 7 қаңтарда Саран қаласының Мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабы мүшелерінің діни бірлестіктер мен этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесуге республикалық штаб мүшесі Адамбеков Тілектес Серікбайұлы, облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат Өтеубаев Талғат Бабашұлы, қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Баймағанбетов Өміржан Зейнешұлы, Тәжібаева Нұргүл Сәбитқызы және Саран қаласындағы дін және этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты. Кездесуді ашқан «Nur Otan» партиясының Саран қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тәжібаева Нұргүл Сәбитқызы православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтап, еліміздің ортақ бейбітшілік, бірлік, конфессияаралық келісім арқылы жеткен көптеген маңызды жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ, кездесуге арнайы келген қонақтар - республикалық сайлауалды штабтың мүшелерімен таныстырды.  width= Тілектес Серікбайұлы партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарына тоқталды. Талғат Бабашұлы бағдарлама аясында Саран қаласында атқарылатын жұмыстар туралы баяндады. Сөз сөйлегендердің әрқайсысы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту екеніне басты назар аударды. Іс-шараға қатысушылар да өз ойларымен бөлісті. Қала тұрғындарының атынан қалалық мешіттің имамы Мұхаметқали қажы Сапарғалиұлы, «Саран қаласының мәдениет үйі» КМҚК директоры Феоктистова Людмила Николаевна, қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат Баймағанбетов Өміржан Зейнешұлы сөз сөйледі. Кездесу соңында келген қонақтар қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, сонымен қатар, оларды азаматтық белсенділік танытып, 2021 жылдың 10 қаңтарында еліміздің дамуы мен гүлденуін мақсат еткен «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.  

Nur Otan партиясының Қарағанды облыстық филиалының сайлау қорынан төленді