Кентауда тұрғын үйлердің ауласына бейнекамералар орнатылмақ

Кентауда тұрғын үйлердің ауласына бейнекамералар орнатылмақ

Кентауда тұрғын үйлердің ауласына бейнекамералар орнатылмақ
ашық дереккөзі
Кентау қаласына қарасты 16 ауылдың көшелеріне 2025 жылға дейін жарық диодты шам қойылады. Сондай-ақ, каладағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына бейнебақылау камералары орнатылмақ. Үгіт-насихат жұмысын жүргізу мақсатында кентаулық тұрғындармен кездескен Түркістан облыстық маслихатының депутаттығына үміткер Қалыйма Жантөреева «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында осындай жоспар барын айтты. Сондай-ақ, ол Қарашық, Байылдыр, Жүйнек ауылдарының ақсақалдарымен жолыққанда партия халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін басқа да көптеген ауқымды істерге бастамашы болуға ниетті екенін мәлімдеді. «Бүгінге дейін партияның ықпалымен Кентауда көптеген істер атқарылды. Мәселен, 98 елдімекен, яғни 99,7 пайызы сапалы ауыз сумен, газбен 65,9 пайызға қамтылды. Алдағы 5 жылда бұл көрсеткіштердің барлығы 100 пайызға дейін жететін болады. Сонымен қатар, қаланың ішкі автомобильдер жолдарының қанағаттанарлық жағдайы 100 айызға жетеді. Яғни, көптен бері өзекті болып келе жатқан инфрақұрылым мәселесі толық шешілгелі отыр. Ендеше осындай жобалардың жүзеге асырылғанын қалаған азамат жетекші партияға дауыс береді деген сенімдемін», – деді Қ.Жантөреева. Одан бөлек, партия мүшесі Түлкібас ауданына қарасты бірқатар елдімекенде болып, азаматтарды Nur Otan-ның айналасына топтасуға шақырды. Онда ауданның туристік әлеуметі күшті екенін айта келе, бұл жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайының түзелуіне оң ықпал ететінін жеткізді. Оның сөзінше, ауданда жылына кемінде 7 мың турист күтіп алатын жағдай жасалмақ. Атап айтқанда, Иірсу шатқалынан көру алаңы, елдімекен аралығында веложол салынады. «Etno Park Resort» туристік кешені бой көтермек. Қ.Жантөреева насихат жұмыстарын жүргізу үшін елдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар еңбек ардагерлерінің шаңырағында канвасинг кездесулер өткізіп, мемлекетіміздің тарихы мен болашағы жөнінде пәкір алмасты. Сондай-ақ, «Facebook» әлеуметтік желісі арқылы облыс тұрғындарын қызықтырған суалдарына жауап беріп, халықтық партияны қолдауға шақырды. Nur Otan-ның алдағы атқарар жұмысына қаныққан жандар, шын пейілмен сайлауда басты партияға бір ауыздан дауыс беретінін айтты.
Материал «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық сайлау қоры қаржысы есебінен жарияланды