Клара Тұңғышқызын аудандық мәслихатқа депутат етіп ұсыну кандидаттың осы уақытқа дейін жасаған нақты істерінің және ауданның әлеуметтік-экономикалық өміріне бей-жай еместігінің нәтижесі. Аудандық іскер әйелдерінің қауымдастығын басқарған кезде Клара Тұңғышқызы біршене рет қайырымдылық акция ұйымдастырып, олардан түскен қаражатты көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға көмек көрсеткен еді. Сондай-ақ, оны ауданның болашағы қатты толғандырады, себебі шешімін күтіп отырған мәселе аз емес, ал оларды сатылап шешу үшін бюджеттік қолдау мен кәсіби көзқарас қажет. Бір сөзбен айтқанда, Клара Мендібаева сынды тұлғалардың өмірлік ұстанымы мен мәселелерді шешуге деген ынтасы мен жігеріне қарағанда, Nur Otan-ның беделі асқақтап, сенім артпақ, себебі мықты партияның қатарында осындай жан-жақты, бәсекеге қабілетті, білімді азаматтар болғаны абзал.
– Менің өмірдегі жетістіктерім – адал еңбек пен табандылықтың нәтижесі, - дейді өз сөзінде Клара Тұңғышқызы. – Ешқашан марапат қуған емеспін, оған қарағанда мен үшін басқа нәрселер маңыздырақ. Мәселен, біруге аз да болса көмегім тисе, біреудің көптен бері шешілмей жүрген мәселесіне үлес қоссам. Бүгін біз дамып келе жатқан мемлекетте өмір сүріп келеміз, басты байлығымыз – тыныштық пен тұрақтылық. Осыны біз бағалауымыз қажет. Ал Nur Otan партиясын еліміздің басты саяси күші деп білемін, өйткені, партияның беделі нақты істермен мен жылдар бойындағы жемісті жұмысымен дәлелденген. Nur Otan – халықтың болашағын ойлайтын партия!
Жұмыстағы уақыт тапшылығына қарамастан кандидат сайлаушылармен кездесіп, Nur Otan партиясының сайлауалды бағдаламасымен таныстыруда. Клара Тұңғышқызы Nur Otan партиясы алдына қойған барлық міндеттерді орындайтынына нық сенімді, ол үшін халықтың сенімі де тәжірибе де мол.
«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бұланды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.